«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға бірыңғай конкурстық комиссия құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Тасқала ауданы әкімінің аппараты, 091000,  Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, 212-бөлме, анықтама телефоны: 8 (71139), 21-0-39, эл. мекенжай: personal_taskala@mail.ru

 

Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, (E-R-1 санаты, лауазым индексі №02-01, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142461 теңгеден  192366 теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасау. ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімідігі қаулыларының,  облыс және аудан әкімінің тапсырмалары жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, орындайды. Ауданның ішкі саясатын үйлестіру және насихаттау, жастармен, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдармен, ҰОС және еңбек ардагерлерімен  жұмыстарды ұйымдастыру. Қоғамдық саяси тұрақтылықты, сонымен бірге мемлекеттік егемендікті күшейту, қоғамдық  процесстардың демократизацияландыру жолындағы мемлекеттік саясаттың орындалуын бақылау және қоғамды біріктіруді нығайту. Ұлтаралық қатынастар және мемлекеттің ішкі саясатын, жастар саясатын, Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси саладағы заңнамалары жұмыстарын әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру. Аудан әкімдігі жанындағы кеңес, комиссия жұмыстарын ұйымдастыру. ҚР мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру. Ішкі саясат мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: Білім; Гуманитарлық ғылымдар; Әлеуметтік ғылымдар, экономика  және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, қоғаммен байланыс, мемлекеттік және жергілікті басқару) Құқық мамандықтары бойынша.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)    тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

  Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.     

 Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны: Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тасқала ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат: Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

 

               Нысан

 

______________­­­­­­________________________

______________­­­­­­________________________

______________­­­­­­________________________

              (мемлекеттiк орган)

 

Өтініш

 

Мен ___________________________________________________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

 

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

__________                   ____________________________________
  (қолы)                                               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)           

                                                                     «____»_______________ 20__ ж.