«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға бірыңғай конкурстық комиссия құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Тасқала ауданы әкімінің аппараты, 091000,  Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, 212-бөлме, анықтама телефоны: 8 (71139), 21-0-39, эл. мекенжай: personal_taskala@mail.ru

 

Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылығы жұмысы бөлімінің бас маманы - бухгалтер (E-4 санаты, лауазым индексі №01-12, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 77452 теңгеден  104935  теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:  Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу; Бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жасалған қаржылық операцияларды көрсету, уақытында және дұрыс құжаттарды рәсімдеу. Ашылған лимиттер мен мақсатына сәйкес қаражаттарды дұрыс және тиімді жұмсалуын бақылау. Шығын сметасының орындалуын, дұрыс есеп жүргізуін, бухгалтерлік есебінің уақытында құрылуын және тапсыруын, уақытында есеп ақысын есептеуін және төленуін, түгендеу қорытындыларын уақытында және дұрыс анықтау, оларды есепте көрсету. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру. Қаржы игеру  жұмыстарын жүргізу. Дұрыс және уақытылы мүлікті түгендеу /инвентаризация/ жұмысын жүргізу. Қаржы көздерінің тиімді шығындалуын үйлестіру

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:  Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика  және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)    тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.     

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:  Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тасқала ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат:  Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

  әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

 

               Нысан

 

______________­­­­­­________________________

______________­­­­­­________________________

______________­­­­­­________________________

              (мемлекеттiк орган)

 

Өтініш

 

Мен ___________________________________________________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

 

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

___________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

 

__________                   ____________________________________
  (қолы)                                               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)           

                                                                     «____»_______________ 20__ ж.