Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және оларды электрондық түрде қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет мемлекеттік органдармен бірлесіп қажетті мәліметтермен алмасу үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.

 

Осыған орай,   1937 жылдан  2008 жылға дейінгі аралықтағы акт жазбалардың  қағаз мұрағаты  цифрландырылып,  сканерленіп, атрибутталды.

 Қазіргі уақытта,  сканерленген  акт жазбаларындағы атрибуттау кезінде жіберілген қателерді, мәліметтерді түзету және жою қажеттілігі бойынша АХАТ органдардың тіркеуші мамандары өзектендіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, 2008 жылға дейін тіркелген мұрағаттық акт жазбаларында «АХАЖ» ақпараттық жүйесімен ыкпалдастырылған жүйелерде мәліметтер сәйкес келмейтіні анықталды.

Осыған орай, азаматтар қандай да бір қызмет алу үшін  (мысалы, әлеуметтік жардемақы тағайындау үшін) қағаз жүзіндегі құжаттары мен «АХАЖ» ақпараттық жүйесіндегі сәйкессіздік анықталған жағдайда қызмет ала алмайтынын және өздеріне қатысты мәліметтерді түзету үшін арыз беріп

Электрондық Үкімет веб-порталы арқылы,  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) арқылы,

АХАТ органдарына

немесе Әділет департаментіне жүгінулері қажет екенін ескертеміз.

 

 

Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің

Азаматтық хал актілерін тіркеу

секторының меңгерушісі

Р.Сапарова