2019 жылдың 30 мамыр күні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік шара мәдени ойын-сауық және спорт клубында өткізілді.

Аталмыш шараға аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері концерттік бағдарламамен балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шараға «Аудандық мүгедектер қоғамы» төрағасы А.Губайдуллин, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Рахметов демеушілік көрсетті. Шара соңында балаларға «Намыс»жастар қоғамдық бірлестігі тәтті үстел жайылып, «Аудандық мүгедектер қоғамы» балаларға сыйлықтар табыс етті. Қызмет алушы  балалардың ата-аналары  балаларына мейрам сыйлағандары үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.