Ағымдағы жылдың 16 ақпанында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен допты-хоккейден «Жастар кубогі» үшін Тасқала ауданының біріншілігі өтті.


Аталмыш шараға қатысқан аудан әкімі орынбасары Люция Әсетқызы спортшыларға сәттілік тіледі.  Допты-хоккей жарысына Оян, Ақтау ауылдық округінің командалары және Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ және жастар ресурстық орталығының командалары өз бақтарын  сынады.

Нәтижесінде Ақтау құрама командасы жеңімпаз атанса, Оян құрама командасы екінші орынға табан тіреді. Ал Ы.Алтынсарин мектебінің намысын қорғаған спортшылар үшінші орынды қанжығасына байлады.

Үздік ойын көрсеткен Ы.Алтынсарин құрамасының ойыншысы Б.Мұратов «Үздік қақпашы»,  ояндық  Н.Илан «Үздік қорғаушы», ақтаулық А.Сағынтаев «Үздік шабуылшы» аталымдарына ие болды.

Жарыс қатысушыларына аудандық жастар ресурстық орталағының тиісті дәрежедегі дипломдары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.