Тасқала аудандық сотының төрағасы Асланбек Дүйсенғалиев  аудандық әкімиятының кіші залында  аудандық әкім орынбасарының, Тасқала ауданының Билер Кеңесі мен медиаторлардың,  «Намыс» ЖҚБ, «Тасқала әйелдері» ҚБ, «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалының, «Рұханият» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» ҚБ - үкіметік емес ұйымдар өкілдерінің және селолық округтары әкімдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.

Спикер дөңгелек үстелдің тақырыбы «Билер Кеңесі институты дауларды бейбіт жолымен шешу үшін» атап өтіп, қатысушыларға «Сот жүйесінің жеті түйіні» бағдарламаның бағытары шеңберінің бірі - «Татуласу: сотқа дейін, сотта» Жоғарғы Сотының ынтасымен Билер Кеңесін құру ұсынған. Былтырғы жылдың тамыз айында ауданында  Б.Ж.Тасмағамбетовтың төрағалығымен 9 мүшелерден Билер Кеңесі құрылды. Облыс әкімімен бекітілген Билер Кеңесі Ережесіне сай кеңесінің қызметі мен міндеттері анықталған. Татуластыру рәсімдерін үлкею мақсатында Билер Кеңесі дауларды бейбіт жолымен шешу, қоғамда жанжалдарды азайту үшін қажет.

Баяндама жасағаннан кейін дөңгелек үстел қатысушыларға Билер Кеңесінің  құру және олардың қызметі туралы бейнеролик көрсетіп, сонымен бірге  Билер Кеңесі мүшелеріне Билер Кеңесі туралы ереже тапсырылды.

Дөнгелек үстел аясында сот төрағасы Асланбек Дүйсенғалиев қатысушылардың қызықтарған сұрақтарына жауап берді.