Жаңалықтар

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында жергілікті полиция қызметімен  бірлесіп Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламентін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді (ТР ТС ТС 018/2018). 

Естеріңізде болса, қыркүйек айында Орал қаласында татар халқының «Сабантой» ұлттық мейрамы ұйымдастырылып, оған Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов бастаған делегация қатысқан болатын.

2018 жылы 12-13 қазан күндері аралығында Тасқала аудандық «Балалар -жасөспірімдер спорт мектебінің  50 жылдық мерейтойы қарсаңында баскетболдан 2002-2004 ж.т. одан кіші жасөспірім ұлдар және қыздар арасында Тасқала аудандық біріншілігі өткізілді. Жалпы жарысқа БЖСМ-1, БЖСМ-2, БЖСМ-3, Ақтау ЖОББМ, Атамекен ЖОББМ, Амангелді ЖОББМ, Мерей ЖОББМ, С.Жақсығұлов ат ЖОББМ командалар қатысты.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Шайымова Айгүл Амантайқызы ауданымызда жұмыс сапарымен болды.

Алдымен қонақтар назарына «Тарихы терең Тасқала» тақырыбындағы бейнефильм ұсынылып, ауданның қасиетті жерлері жайлы айтылды. Жалпы халық саны мен ауыл аумағы, экономикалық және әлеуметтік даму жолдары сөз болды.