Жаңалықтар

2018 жылдың 25 қазан күні Мереке ауылында Мереке өзенінің бойындағы демалыс орнының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты жиынға Мереке ауылдық округінің келісім кеңесінің мүшелері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары қатысты. 

2018 жылғы 27қазан күні Мерей ауылында ««Бақалы» бөгетінің салтанатты ашылуы өтті.  Салтанатты жиынға Мерей ауылдық округінің келісім кеңесінің мүшелері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Ресей, Белорус, Қырғыз, Армения аумағынан тауар импорттаған жағдайда, сонымен қатар осы елдерде тіркелген тұлғалармен импортталған тауарларды Қазақстан аумағында сатып алғанда, сатып алушы – қазақстандық  тұлға әкелінген тауар құнынан 12 пайыз мөлшерінде қосымша құн салығын төлеуге міндетті.

«Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16467 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 13 наурызында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27 мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелері ауданымызға табан тіреп, кеңейтілген семинар отырысына қатысты.