Жаңалықтар

Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары!

Ағымдағы жылдың 22,29 желтоқсан күндері сағат 10:00 ден – 13.00-ге дейін Тасқала ауылының Сапарова көшесіндегі орталық базарда (ет дүкеніне қарсы) ауыл шаруашылығы өнімдерінің (сиыр еті, қой еті, сүт өнімдері, көкөністер және т.б) жәрмеңкесі өтетіндігін хабарлаймыз.

Дегенмен осы салықты есептеу әдістемесі өзгермегенмен, азаматтарды осы күнге дейін көлік салығын есептеу мәселелері мазалайды. Сондықтан, осы жарияланымда барынша толық ақпарат беруге тырысамыз.

Бүгін Тасқала ауданында Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі А.Халелов  айтулы мерекенің маңыздылығына тоқталып, барша тасқалалықтарды мерекемен құттықтады. Мерекеге орай,еңбегімен еленген бірқатар азамат, азаматшаларды  облыс әкімінің алғыс хатымен және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партия билеттері табысталып, кәмелетке толған азаматтарға жеке куәліктер салтанатты түрде берілді.

Жаңа жыл түні аспан мыңдаған түрлі түсті оттармен жарықтандырылады - пиротехника қолданылады. Мерекелік көңіл-күйді күтпеген жерден пиротехниканы қолданудан болған күю және басқа жарақаттарға жол бермеу үшін қауіпсіздік шараларын ұмытпаған жөн.

2018 жылдың 4-7 желтоқсан күндері аралығында Орал қаласында дзюдо күресінен 1999-2001ж.т. және 2002-2004 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысы чемпионаты өткізілді. Жалпы жарысқа 8 ауданнан және Орал қаласынан 2 команда, барлығы 260 спортшы қатысты. Осы жарыста Тасқала ауданының құрама командасы келесідей көрсеткішке қол жеткізді: Ажгалиев Талғат +90 келі салмақ дәрежесінде І орынға ие болды және Тасқала аудандық «Балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің» түлегі Мухамбеткалиев Жантөре Батыс Қазақстан облысы спорт интернат құрама командасының атынан 46 келі салмақ дәрежесінде І орынға ие болды.