Жаңалықтар

2018 жылдың 23 желтоқсанынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы№ 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді.

Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастары  жалпы қоғамның қайырымдылық, қамқорлық және жақсылық жасау сынды құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту мақсатында түрлі бағыттағы қайырымдылық шаралар ұйымдастыруды жалғастыруда. 

Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығының тракторлары мен тіркемелері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарының ТР ТС 031/2012 ТР орындалуы маңызды рөл атқарады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі қарастырылған.

2019 жылдың 11 қаңтар күні волейболдан 2002 ж.т. және одан кіші жасөспірім ұлдар арасында Тасқала аудандық БЖСМ біріншілігі өткізілді. Жарысқа Оян ЖОББМ, Ақтау ЖОББМ, Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ, Мерей ЖОББМ, Амангелді ЖОББМ, Сәулет МЛ және Тасқала аудандық БЖСМ командаларынан барлығы 63 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде І орынға Оян ЖОББМ командасы, ІІ орынға Сәулет МЛ командасы, ІІІ орынға Ақтау ЖОББМ командалары ие болды. Номинациялар бойынша келесі спортшылар марапатталды: «Үздік шабуылшы» Ахметов Рахат(Сәулет МЛ), «Үздік байланыстырушы» Хасымов Бейбарыс(Ақтау ЖОББМ), «Үздік қорғаушы» Жакупов Руслан(БЖСМ), «Үздік ойыншы» Мақатов Жүсіпбек(Оян ЖОББМ).