Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес республикалық бюджет, сонымен қатар жергілікті бюджет қатарына кіретін – аудандық бюджет, аудан бюджеті, қалалық маңызы бар аудан бюджеті  болады, бекітіледі және орындалады.

Түсімдер, трансферттер, субвенциялар және міндеттерді қаржылай қамтуға арналған несиелер және ауданның жергілікті мемлекеттік органдар қызметі, сәйкесінше сол ауданда оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік саясатты іске асыру есебінен қалыптасатын орталықтандырылған ақша қоры ауданның бюджеті болып табылады. 

2018 жылғы 26 желтоқсандағы Тасқала аудандық мәслихатының №31-1 «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімі аясында енгізілген 2019 жылдың 27 наурыздағы  және 12 маусымдағы аудандық мәслихат шешімінің өзгертулері мен толықтыруларын ескере отырып, 2019 жылдың 1 жартыжылдығына арналған аудан бюджетінің орындалуы қамтамасыз етілді.

 

Түсімдер

 

2019 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша аудан бюджетіне (жыл басына арналған бюджет қаражатының қалдықтарын есептегенде) 2 472,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде кірістер – 198,7 млн. теңгені құрады.

Облыстық бюджеттен бөлінетін (84,0 пайыз) трансферттер мен несиелер және салықтық түсімдер (16,0 пайыз) аудандық бюджеттің базалық табыс көзі болып табылады.

Есепті кезеңде облыстық бюджеттен жалпы сомасы 2 077,2 млн. теңге, оның ішінде субвенциялар (өтеусіз түсімдер) – 1 407,6 млн. теңге алынды. Облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер 536,8 млн теңгені құрады, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер – 296,8 млн теңгені, даму трансферттері – 240,0 млн. теңгені құрады.

Салықтық түсімдер құрылымында салық түсімдерінің жалпы көлемінен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 86,0% (171,0 млн теңгені) құрады және аудан бюджетінің өсуі негізгі меншікті кіріс көздерінен болды.

Есепті кезеңде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдарға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін, бюджеттік несиелерді ұсынуға бөлінген республикалық бюджеттен түсетін қарыздар түсімі 38,1 млн. теңгені құрады.

 

Шығыстар

 

2019 жылдың 1 шілдесіне арналған аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспардан 99,7% немесе 2 443,3 млн. теңгеге орындалды. Сонымен қатар дамытуға бөлінген бюджеттік бағдарламалар бойынша шағыстар жоспарға 100% (240,3 млн. теңгеге) орындалды.

Аудан бюджетінің шығыстар сыныптамасының қызметі бойынша нақты орындалу төмендегідей қалыптасты:

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер бойынша шығыстар аудан бюджетінің жалпы шығыстарынан 193,7 млн. теңгені немесе 7,9% құрады, қорғаныс – 10,8 млн. теңгені құрады.

2019 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша білім беру саласында аудан бюджетіне жүргізілген  шығыстар 1 207,9 млн. теңгені немесе 49,4% құрады.

Есепті кезеңде балалар және жасөспірімдерге қосымша білім беруге жұмсалған шығындар 32,6 млн. теңгені құрады.

1010,9 млн. теңге жалпы білім беруге бағытталды. Шығындар білім беру мемлекеттік мекемелерінің міндеттері және қызметтерін қаржылай қамтамасыз етуге бағытталды.

Балаларға қосымша білім беруге жұмсалған шығындар 50,5 млн. теңгені (3 Мемлекеттік Коммуналдық Қазынашылық Кәсіпорын – Жас туристер станциясы, Мектептен тыс жұмыс орталығы, Балалар музыкалық саз мектебін қаржылай қамтамасыз ету) құрады.

Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымының қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстар 80,0 млн. теңгені (4 балабақшаны қаржыландыру) құрады.

Ауданның мемлекеттік білім беру мекемелеріне оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу және жеткізуге 25,6 млн. теңге жұмсалды.

Білім беру саласындағы басқа да қызметтеріне 31,5 млн. теңге жұмсалды.

Есепті кезеңде әлеуметтік көмек беру және әлеуметтік қамтамасыз етуге аудан бюджетінің жұмсалған өндірістік шығыстарынан 146,1 млн. теңге немесе 6,0% бағытталды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша шығыстар 22,2 млн. теңгеге орындалды.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге 0,8 млн. теңгеге 38 отбасына көмек көрсетілді.

Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге 8,7 млн. теңгеге 354 азаматқа көмек көрсетілді.

Үйлерінде отырған мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге 16,8 млн. теңгеге   - 135 қарияларға, 16 мүгедек балаларға және 18 жастан жоғары 9 мүгедек адамға берілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 214 жанұясындағы 1006 адамға 54,7 млн.тенге қаражат төленді.

Мұқтаж мүгедек жандарға міндетті гигиеналық құралдар және жеке көмекшілер қызметімен қамтамасыз етуге 11,4 млн. теңге бөлініп, 61 адам көмекке ие болды.

Тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарының қызметімен қамтамасыз етуге 15,0 млн. теңге жұмсалды.

Әлеуметтік қамтамасыздандыру саласындағы басқа да қызметтер 16,2 млн. теңгені құрады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 2019 жылдың 1 шілдесіне арналған шығыстар аудан бюджеті шығыстарының көлемінен 278,7 млн. теңгені немесе 11,3% құрады.

 Тасқала ауылында екі үшқабатты тұрғын үйг құрылысына 240,0 млн. теңге бөлінді.

Коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуына 3,9 млн.тенге жұмсалды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға ЖСҚ дайындауға 66 қатысушы Тасқала ауылының оңтүстік-батыс бөлігінде 0,3 млн. теңге бөлінді.

Ауданның елді мекендерін жарықтандыру, аббаттандыру, көгалдандыру және сумен қамтуға 32,6 млн. теңге пайдаланылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы басқа да қызметтер 1,9 млн. теңгені құрады.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласын аудан бюджетінің қаржысын игеруге үлес салмағы 7,6% құрады, 187,2 млн. теңге жұмсалды.

2019 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру бойынша шығыстар 11,8 млн. теңгені құрады.

Облыстық спорттық жарыстарына әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның құрама командасының мүшелерін дайындауға және қатыстыруға 1,9 млн. теңге жұмсалды.

Мәдени-тынығу жұмыстарын қолдауға бөлінген шығыстар – 106,2 млн. теңгені құрады, аудандық кітапханалар қызметін қамтамасыз етуге – 46,1 млн. теңге бөлінді.

Мәдениет саласындағы басқа да қызметтер 21,2 млн. теңгені құрады.

Ауыл, су, орман шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша қаржыны игеру өткен кезеңде 90,4 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл көрсеткіш өндірістік бюджет шығыстарында 3,7% құрады.

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында мамандарғы әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыру үшін 37,7 млн. теңге сомасында бюджеттік несиелер және 11,7 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы төлемдері аударылды. 

Эпизоотияға қарсы шараларды өткізуге 24,4 млн. теңге жұмсалды, сәйкестендіру шараларын өткізу үшін 0,4 млн. теңге жұмсалды.

Ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруға 14 рейс жасалып 1,2 млн. теңге жұмсалды, 266 қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюға – 0,8 млн. теңге жұмсалды.

«Көлік және коммуникациялар» бойынша шығыстар 45,2 мың теңге сомасында немесе жалпы аудан бюджеті шығыстарына 1,8% орындалды.

Аудандық автокөлік жолдары қызметін қамтамасыз етуге – 39,5 млн. теңге бөлінді.Сонымен қатар 2-Шежін ауылына кіреберіс жолын орташа жөндеуге 42,0 млн тенге бөлініп, екінші жартыжылдықта төленеді.

Басқа да шығыстар бойынша 5,7млн. теңге жұмсалды.

«2020-жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарлмасы аясында өткен кезеңде 10,6 млн. теңге жұмсалды. Екінші жартыжылдықта 3,7 млн. теңгені игеру жоспарлануда.

Трансферттер 248,3 млн теңге көлемінде орындалды.

Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеу үшін төмен бюджеттегі нысаналы ағымдағы трансферттер 147,1 млн. теңгені құрады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының трансферттері ауыл әкімдіктерінің ҚАБШ 5,1 млн. теңге сомасында және Тасқала ауылдық округіне 96,0 млн. теңге сомасында субвенциялар аударылды.

 

 

Тасқала ауданының

экономика және қаржы бөлімінің

басшысы                                                                              Л. Тастембекова