«Бес сұрақ» айдары

 

Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. Мен секілділерге зейнетақы қызметтерін қолжетімді ету үшін Қорда қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?

Бүгінде еліміздің шалғай аудандарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Мобильдік кеңсе» деп аталатын жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба шалғайда орналасқан елдімекендер мен бөлімшелері жоқ аудандардың тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен толыққанды қамту мақсатында қолға алынған. Соған сәйкес Қор филиалдарының мамандары халықтың әр түрлі әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейді. Олардың арасында қандай да бір себептермен кеңсеге келе алмайтын адамдар да бар. Жоба аясында қызмет көрсету үшін шағын автобус пайдаланылады. Ол жерсеріктік байланыс құралдары және басқа да қажетті заманауи техникалармен жабдықталған. Автобустың салонында операторларға арналған екі автоматтандырылған жұмыс орны мен келушілерге арналған екі орын бар. Кезек күтушілер үшін тағы үш адамдық орындық қойылған. Бұл көлікті барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы деп атауға болады. «Мобильдік кеңсе» қызметкерлері бір сапар барысында орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетелді. Қызмет түрлерін атап айтар болсақ: ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, шоттың жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту, шоттан үзінді көшірме беру, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару жөнінде өтініш қабылдау секілді қызметтер.   

«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы жоспар  бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және тұрғындар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру таратылады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органға хабарласып, елді мекеніңізді жоспарға енгізу жөнінде өтініш беруіңізге де болады. Әзірге үш «Мобильдік кеңсе» Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында жұмыс істеп жатыр. Биыл жыл соңына дейін тағы 10 облыс қамтылатын болады.

Одан басқа шалғай елдімекендерді зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ бірлескен жобаны іске қосты. Соған сәйкес зейнетақы қызметтері «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы көрсетіледі.  

Осылайша экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдімекеннің тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.

 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар Қор қызметтерін қалай алады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын, оның ішінде әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарды зейнетақы қызметтерімен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осы мәселені шешу мақсатында «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған. Соның аясында Қор қызметкерлері қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын салымшылардың үйіне өздері барып қызмет көрсетеді.    

Бүгінде аталмыш жоба Қордың барлық 18 филиалында жүзеге асырылады. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандар Қор қызметкерлерін үйге шақыру үшін enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін электрондық өтініш беру» бөлімі арқылы немесе Байланыс орталығының 1418 тегін телефон нөміріне хабарласып, өтініш бере алады. Бұдан кейін «БЖЗҚ» АҚ қызметкері өтініш берушіге хабарласып, кездесу уақытын белгілейді.

«Мобильдік агент», яғни Қордың маманы барлық керекті құралдармен жабдықталған. Сапарға шыққанда өзімен бірге ноутбук, құжаттарды сканерлейтін әрі басып шығаратын принтер және 4G-модемі бар құрылғыны алып жүреді. Солардың көмегімен салымшыға қажет құжаттар лезде дайындалады.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Қор қызметкерлері салымшыларға алдын ала телефон шалып, келу уақытын хабарлап қояды. Олардың әрқайсысында қызметтік куәлігі бар. Егер сонда да күмәнданатын болсаңыз, Қордың байланыс орталығына хабарласып, маманның аты-жөнін нақтылауыңызға болады.

 

Жұмыс беруші қандай уақытта жұмыс берушісі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті?

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленген. Бұл жарналарды жұмыс берушілер еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен төлейді.

Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген Тізбеде көрсетілген. Егер, еңбек өнімділігі жақсарып, денсаулыққа зиянды жағдайлар жойылатын болса және ол өндірістік нысандарды аттестаттау нәтижесімен расталса, жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының (Зейнетақы қағидалары) 10 тармағына сәйкес МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекітілген. Ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында көзделген құқықтарды, міндеттер мен жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның (МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттің арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Арнайы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қорға еліміздің салық заңнамасында көрсетілген тәртіпте аударады. 

Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақытылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

 

Мен тұңғыш рет жұмысқа орналасайын деп жатырмын. Жұмыс берушім зейнетақы жарналарын аудару үшін Қорға барып, зейнетақы шотын ашудың керегі жоқтығын айтты. Шынымен солай ма? Мүмкін менің жұмыс берушім жарналарды аудырғысы келмейтін шығар?

Сіздің жұмыс берушіңіз дұрыс айтады. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшін Қор кеңсесіне келіп өтініш берудің қажеті жоқ. Енді алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға жарна аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады. Сол үшін Сізге уайымдаудың қажеті жоқ. Алайда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қор кеңсесіне келу керек. Ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын Қор кеңсесіне келгенде немесе үйде отырып-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен Қор сайты арқылы ашуға болады.

 

Мен білім саласының ардагерімін. Жалақым жоғары болған емес. Көп ұзамай зейнеткерлікке шығамын. Болашақ зейнетақымның болжамды мөлшерін білуге бола ма? 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында инновациялық қызмет іске қосылған. Соның көмегімен әрбір салымшы өзінің дербес зейнетақы жоспарын Қордың enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде жүзеге асыра алады. 

Қор сайтында екі зейнетақы калькуляторы орналастырылған.  Оның бірі – «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» деп аталады. Ол таяу жылдары зейнеткерлікке шығуға дайындалып жүрген азаматтарға арналған. Сол арқылы ай сайын берілетін зейнетақының болжамды мөлшерін анықтауға болады.

Екіншісі – «Болжамдық зейнетақы калькуляторы». Сол арқылы зейнетке шығуға дайындалып жүрген азаматтар да, бүгінгі жас мамандар да болашақта алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептей алады. Сонымен қатар бұл калькулятор зейнетақының қандай төлемдерден құралатындығын, табыстылық пен инфляция өзгерген жағдайда оның болжамды көлемінің қандай болатындығын көрсетіп береді.

Таяуда enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде «Жинақтарды өмірді сақтандыру бойынша компанияға аудару» деп аталатын жаңа қызмет іске қосылды. Сол арқылы өмірді сақтандыру бойынша компаниямен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті сомасын есептеуге болады. Болжамды калькуляторға болашақ зейнетақыны есептеу үшін: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, жинақтардың ағымдағы сомасы және айлық жалақы мөлшері секілді барлық қажетті деректерді енгізу қажет. Содан кейін «Есептеу» түймешігін басамыз.

Бір айта кететін жәйт, егер болжамды калькуляторды сайттың Жеке кабинеті арқылы ашатын болсаңыз, онда нысандар автоматты түрде толтырылады. Сөйтіп, «Есептеу» түймешігін басу арқылы анағұрлым дәл көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

Салымшы егер қаласа Қордың кез келген бөлімшесіне жүгіне алады. Бұл ретте жеке басты куәландыратын құжат керек. Қорда өткен жылдан бері дербес кеңес беру қызметі жүзеге асырылып келеді. Біздің мамандар болашақ зейнетақыны қалай есептеуді және оның мөлшерін арттыру жолдарын түсіндіреді.

 

 


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «23» сәуір

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері  

 

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,64 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 262,3 млрд теңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,43 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 209,5 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).


Шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бірліктен асты. 


2019 жылдың алғашқы үш айы ішінде зейнетақы төлемдері 54,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 31,6 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 7,4 млрд теңге болды.


Жыл басынан бері Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 96,9 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңінде алынған таза инвестициялық табыстан 30 млрд теңгеге артық.   


Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың сәуірі – 2019 жылдың наурызы) 11,5 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы инфляциядан 6,7 пайызға жоғары болып отыр.


Атап өту керек, Ұлттық Банк ұсынатын зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы мен инвестициялық қызметке жасалынған шолу ай сайын enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер»-«Инвестициялық қызмет»-«Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы» (https://www.enpf.kz/kz/indicators/invest/structure.php) және «Инвестициялық қызметке шолу»  (https://www.enpf.kz/kz/indicators/invest/review.php) бөлімінде жарияланып отырады.


Қор клиенттерге қызмет көрсету жұмыстарын үнемі жетілдіріп келеді. Жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға 6,2 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте қызмет көрсетудің электрондық тәсілі басымдыққа ие – электрондық форматта (зейнетақы шотынан берілетін үзінді көшірмені есепке алғанда) 5,3 миллионнан астам (немесе 85,6%) операция жүзеге асырылды.


«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында белсенді түрде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте кәсіпорындар мен ұйымдарда және сауда орындарында көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері 6,8 мыңнан астам таныстырылым өткізіліп, оларға 211 мыңнан астам адам қатысты.


2017-2018 жылдар мен 2019 жылдың алғашқы үш айы ішінде БЖЗҚ-ның таныстырылымдық шараларында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарымен 1 555 837 адам қамтылды. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың 17,77 пайызын құрайды. (egov сайтының стат. дерегіне сәйкес 01.04.2019 ж. қарай елде жұмыспен қамтылғандардың саны – 8 756 300 адам).


БЖЗҚ 2018 жылы соңғы бірнеше жылда зейнетақы жарналары түспей жатқан, «ұйқыдағы» шоттарды жандандыру жұмыстарын қолға алған болатын. Бұл жұмыс жалғасын табуда. Қор мамандары 2019 жылдың басынан бері 101,3 мыңнан астам шоттың иелерімен байланыс орнатты. Олардың ішінде 5 704 адам жалпы сомасы 71 152 001 теңгеге зейнетақы жарналарын аударды. Жалпы белсенді емес шоттармен жұмыс жүргізу барысында (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың 1 сәуірі аралығында) Қор шоттарына бірнеше жыл бойы жарна түспеген 732 895 адаммен байланыс орнатып, ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында белсенді емес шоттарға жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 208 мыңнан астам жарна түсті.


2019 жылдың басынан бері бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында (БЖТ) 41 394 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 22,2 млн теңгеге 46 064 жарна аударылды.


БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және
акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 


5 сұрақ

 

  1. Зейнетақы шотын ашу үшін не істеу керек?

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

 

  1. Инвестициялық табыс деген не және ол қалай есептеледі?

Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледі. Оның көлемі шоттағы жинақ ақшаның сомасына және оған түсетін жарналардың мөлшеріне және олардың тұрақты аударылуына тәуелді.   

Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бірлігінің (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбір жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгеде және шартты зейнетақы бірлігінде есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбір зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бірлігіне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады. Мысалы, Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемінде зейнетақы жарнасы келіп түсті делік. 2019 жылдың 20 ақпанына қарай ШЗБ құны – 748 теңге дейтін болсақ, Сіздің шотыңызға есептелетін ШЗБ саны 13,4 бірлік болады (10 000 теңге/ 748 теңге).

Ал 2019 жылдың 21 ақпанындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 750 теңге болды делік. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерілді. Енді осы күнгі ШЗБ санын есептеп шығару керек. Сіздің шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негізінде былайша қайта бағаланады: 13,4 ШЗБ * 750 теңге = 10 050 теңге. Осылайша Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 21 ақпанына қарай 10 050 теңге болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (50 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралады.    

Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейді. Соның арқасында ШЗБ құны 2 теңгеге артты (750 теңге – 748 теңге). Зейнетақы жинақтары мен инвестициялық табыстың мөлшері жарналардың сомасы мен аударылу кезеңіне тәуелді. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды мәселе.     

 

  1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы шотын кімдер аша алады?

Қазақстанның кез-келген азаматы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын аудара алады. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін жасау тәртібі шарт тараптарының өзара келісімі бойынша белгіленеді. Бұл ретте жарналардың мөлшерінен гөрі, олардың тұрақты аударылғандығы маңызды. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтар болашақта Қордан қомақты мөлшерде зейнетақы төлемдерін алуға септігін тигізеді. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен төлейді және өз атына немесе үшінші бір тұлғаның атына аудара алады. Бұл ретте заңды тұлғалар да жеке тұлғалардың, яғни өз жұмыскерлерінің атына ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мұны көп жағдайда өздерінің қол астындағы мамандарын еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды.

Кәмелетке толмаған тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. Бұл ретте шарта кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкілі қол қояды.

Салымшы ерікті зейнетақы жарналары есебінен шот ашу үшін Қорға өзі келген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат тапсырады. Егер шарт үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын болса алушы да Қорға келуі тиіс. Бұл ретте салымшының (алушының) заңды өкілі немесе оның орнына нотариат куәландырған сенімхат негізінде сенім білдірілген тұлға өтініш бере алады. Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын аудару үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырса, үшінші адамның пайдасына шарт жасау үшін алушы да жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме) тапсырады. Заңды тұлғалар үшінші адамның пайдасына шарт жасасу үшін тиісті құжаттар топтамасын ұсынады. Қажетті құжаттар тізімі Қордың enpf.kz сайтында көрсетілген.  

2018 жылдың шілдесінде Қор сайтының Жеке кабинеті және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде жаңа қызмет іске қосылды. Ол – «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қызметі» деп аталады. Оны пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті қажет. Сол арқылы тіркеліп, тиісті нысандарға қажетті деректер енгізіледі. Кейін осы электрондық цифрлық қолтаңбаның кілтімен қол қойылады. Бүкіл операция бірнеше минут уақытты ғана алады. Ерікті жарналар бойынша шотты сайт арқылы ашу – уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір айта кететін жәйт, салымшылар Қор сайты арқылы шотты әзірге өз пайдасына ғана ашуға құқылы.

 

  1. Зейнетақы төлемдері қалай рәсімдеді?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы қаулысы негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Осы күннен бастап зейнеткерлік жасқа толған азаматтар жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу жөніндегі өтініштер мына тек жағдайларда ғана қабылданады:  

  • шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты;
  • I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда;
  • жерлеуге және мұрагерлікке байланысты біржолғы төлемді жүзеге асырған жағдайда;
  • ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған жинақтарды алу құқығы туындаған кезде;
  • сақтандыру ұйымымен зейнетақы шартын жасасқан жағдайда.

 

Сонымен қатар БЖЗҚ-ның міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу және стратегиялық міндеттері сол өзгеріссіз күйінде қалады.

 

  1. Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан қандай кепілдік берілген?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілетіндігі туралы бап 2003 жылы пайда болды. Бұл механизм 2009 жылдан бастап белсенді түрде жүзеге асырыла бастады. Өйткені осы кезеңде қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерінің табыстылығы азайған болатын. Сонымен мемлекет зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. Мұнда мемлекеттік кепілдік бойынша біржолғы айырма төлемі есептеледі. Ол инфляцияны есепке ала отырып, зейнеткердің шотындағы бүкіл жинақтардың сомасы мен сол шотқа енгізілген бүкіл жарналардың сомасын өзара салыстырғанда айқындалатын айырма сомасы. Біржолғы айырма төлемін зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар және шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінеді. Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бір өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді. Ал зейнет жасына толған азаматтар 2018 жылдың қазан айында енгізілген Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай өтінішті тек бір жерге – осы Мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Мемлекеттік корпорация зейнеткердің жинақтары туралы Қордан алынған мәліметтерді оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегі жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер инфляциядан төмен болса, Мемлекеттік корпорация айырма төлемін есептейді. Бұл сома біржолғы төлем ретінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына 10 жұмыс күні ішінде аударылады.

 

 


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «19»наурыз

БЖЗҚ-да «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні өткізілді

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша тұрақты түрде ақпаратберіліп жатыр.

Аталмыш шараның тақырыбы – зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер. 

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.  

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады;

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады; 

- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – оның міндеті болып есептелмейді. Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Биылғы жылғы жаңа енгізілімдердің бірі – жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қорға жүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен сәтте шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемді:

- мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын;

- БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды;

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны жүзеге асыруға болады.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты электрондық үкімет порталы арқылы алу оңай бола түсті.

Осы күннен бастап кез келген салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені тек электрондық цифрлық қолтаңба ғана емес, бір реттік sms-парольдің көмегімен де ала алатын болды. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.       

2019 жылдың ақпанында «Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды. Енді нотариустар «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылыөздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртібінде (хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.     

Зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер Ашық есік күніне келушілер мен Қор мамандары арасында қызу талқыланды. Қатысушылар бүгінгі кездесудің пайдалы және достық сипатта өткендігін ерекше атап өтті.

Айта кетелік, БЖЗҚ-да Ашық есік күні осымен үшінші жыл қатарынан әрбір үш ай сайын өткізілуде. Өткен жылы бұл шараға еліміз бойынша 20 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Бүгінгі шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес алды.

Қандай да бір себептермен Ашық есік күніне келе алмағандар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қордың www.enpf.kz сайты арқылы Басқарма Төрайымының блогына сұрақ қоюға, байланыс орталығының 1418 телефон нөміріне қоңырау шалуға (Қазақстан бойынша қалалық және ұялы телефон арқылы хабарласу тегін) болады. Сонымен қатар салымшылар мен алушылар өз өтініштерін Қордың әлеуметтік желілердегі негізгі парақшалары және WhatsApp арнасы арқылы жолдай алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


ХАБАРЛАНДЫРУ

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 19 наурызында ___________ мекенжайында таңғы сағат 10:00-да «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.

Шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес ала алады.

«Ашық есік күні» шарасы аясында мынадай сұрақтар көтеріледі:

  • жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу рәсімі;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату;
  • Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу;
  • бекітілген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу;
  • зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтініш беру.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларды және барлық келем деушілерді «Ашық есік күні» шарасына шақырады.


Баспасөз-аңдатпа

2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ барлық филиалында биылғы жылы тұңғыш рет «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсінджіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша ақпарат беріліп жатыр.

Бұл шараның тақырыбы – зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер. 

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.  

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады;

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады;

- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу оның міндеті болып есептелмейді. Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Биылғы жылғы жаңа енгізілімдердің бірі – жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қорғажүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен кезде шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемді:

-мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын;

- БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды;

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны жүзеге асыруға болады.

Зейнетақы заңнамасына басқа қандай өзгерістер енгізілгені туралы Қор мамандары «Ашық есік күні» шарасында толыққанды түсіндіретін болады.

Аталмыш шара 2019 жылдың 19 наурызында __________ мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ ___________ облыстық филиалында өткізіледі.


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

           2019 жылғы «8» қаңтар       

БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастапБЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ.Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. №203-VI Заңы)тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

 Еске саламыз, бұған дейін жеке тұлға МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін шот ашу жөнінде тиісті өтінішті рәсімдеуге міндетті болатын. 

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Айта кетелік, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


2019 жылғы «__» қаңтар

Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін       хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.  

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болатындығын еске саламыз. Олар:

  • БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау;
  • дәстүрлі пошта байланысы;
  • электрондық тәсіл, оның ішінде:
  • БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;
  • логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;
  • электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.

Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонынабір реттік sms-парольжіберіледі.

Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


2018 жылғы 20» қыркүйек

БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады

 Зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған  ақпарат шындыққа жанаспайды. 

 Еске саламыз, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

 Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады.      

 Мемлекет кепілдігі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығына» жүгіну керек. Мұнда арнайы әдістеме бойынша салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады.

 Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді.     

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      

                                                                              «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы    

   БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды белгісіз тұлғалардың Қоратынан телефон мен электрондық пошта арқылы жұртшылыққа «БЖЗҚ» АҚ сыйлық ұтысын ұйымдастырғаны туралы жалған ақпараттар атыпжатқанын ескертеді. Алаяқтар Қор салымшыларына сыйлықты алу үшін сілтемеде көрсетілген өзге ресурстарға кіріп, өзінің банк деректемелерін жіберуді ұсынуда. Осылайша, зейнетақы қоры салымшыларының жекедеректемелері туралы ақпараттард ызаңсыз иелену әрекеті жасалуда.

«БЖЗҚ» АҚ барлық салымшыларды Қорқандай да бірұтыстар ұйымдастырумен, жеке мәліметтерді электрондық әдіспен жинаумен айналыспайтыны туралы және өз атынан мұндай іс-әрекет жүргізуге өзге тұлғаларға құзырет бермейтінінескертеді.

Құрметті салымшылар! Өздеріңіздің жекемәліметтеріңіздің құпиялығын қамтамасыз ету үшінмұндай электрондық хабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларға жауап бермеңіздер және электронды қжолдаудағы сілтемелерге кірмеңіздер. Алаяқтардың алдауына түспеу үшін мұқият сақболыңыздар! Олар ірі компаниялардың атын жамылып әрекет етеді. Сондықтан жеке мазмұндағы ақпараттарды бөтен адамдарға ашпаңыздар! Сыйлықтар мен ұтыстар туралы уәделерге сен беңіздер! Бұлтуралы жақындарыңыз бен таныстарыңызды ескертуді ұмытпаңыздар! Өтініш: мұндайқоңыраулар мен жолдаулартуралы міндеттітүрде БЖЗҚ-ның 1418 байланыс орталығына хабарлаңыздар!

«БЖЗҚ» АҚ белгісіз тұлғалардың жоғарыда айтылған ұтыстарды өткізуге байланысты әрекеттеріне жауапты емес екеніне ескертеді.


1. Мен зейнеткерлікке шыққан кезде қандай да бір өтемақы берілетіндігін естідім. Шындығында солай ма?

Бұл жерде әңгіме мемлекеттік кепілдік бойынша республикалық бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепілдік береді.
БЖЗҚ-дағызейнетақы жинақтарының сомасыинфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда -
айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттіккорпорация бір жұмыс күні ішіндеайырма төлемі сомасын есептейді.
Айырма төлемін алуға зейнеткерлік жасқа толған азаматтар да құқылы.   
Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.


1. Мен екі айдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы естідім. Осы туралы толығырақ білгім келеді. Мен зейнетақыны қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастапБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сомаалушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома – айлық зейнетақы болып табылады.  
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ай сайын алатын зейнетақы төлемдеріңіз былайша есептеледі: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіледі (мысалы 63 жаста ол - 0,10467 санын құрайды).Шыққан сома 12-ге бөлінеді. Одан алынған сома Сіздің тиісті күнтізбелік жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады. 
Еске сала кетелік, БЖЗҚ-ның www.enpf.kzресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.

2. Мен зейнеткерлікке шыққан кезде қандай да бір өтемақы берілетіндігін естідім. Шындығында солай ма?

Бұл жерде әңгіме мемлекеттік кепілдік бойынша республикалық бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепілдік береді.
БЖЗҚ-дағызейнетақы жинақтарының сомасыинфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда -
айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттіккорпорация бір жұмыс күні ішіндеайырма төлемі сомасын есептейді.
Айырма төлемін алуға зейнеткерлік жасқа толған азаматтар да құқылы.   
Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.

3. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-дан ай сайын төленеді. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты ма әлде тек 2018 жылдан бастап шығатын азаматтарға ғана қатысты ма? Мен зейнеткерлікке 2017 жылы 23 шілдеде шықтым және бір жылдық төлемді алдым. Енді зейнетақыны биыл қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Зейнетақы заңнамасына енгізілген бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген. Бұл өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдан бастап алатын азаматтарға ғана тиесілі.  
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеген зейнеткерлер үшін төлем кестесі өзгеріссіз қалады. Олар үшін зейнетақы төлемдерін алу кезеңділігі (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) және 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесі сақталады.  
Бірақ егер қаласаңыз ай сайынғы төлем кестесіне ауыса аласыз. 
Зейнетақы төлемдерін ай сайын төлеу халықаралық стандартқа сәйкес келеді.
Зейнетақы төлемдері бір жолғы төлем ретінде ала салып, жұмсай салатын ақша емес. Ол зейнеткерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған.    
Төлем кестесін өзгерту үшін Сіз БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне жүгіне аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайларын www.enpf.kz. сайтынан көруге болады.

4. Енгізілген өзгерістердің ерікті зейнетақы жарналарына қатысы бар ма? Ерікті жинақтарды қандай жағдайда алуға болады?

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру тәртібіне қатысты заңнамалық өзгерістер МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына ғана тиесілі.     
Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дазейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар.       Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакеті ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. 


БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай, қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініштер бланкасы, төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері БЖЗҚ-ның  www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.   
 
5. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақысыз түрде зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады.   
Нақты айтар болсақ салымшы: 
- зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (Қордың 218 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);
- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);
- және логин мен құпия сөзді(пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Жеке кабинет» бөлімі, www.e-gov.kzсайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі, сондай-ақ «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ала алады.
Салымшы осы тәсілдердің ішінен өзіне ыңғайлысын таңдайды. Бірақ, олардың ішінде зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте қолайлы. Ол салымшылар мен алушылардың арасында кеңінен танымал болып жатыр.Өйткені ол ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде біліп отыруға мүмкіндік береді.
Егер бұған дейін зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты конвертпен алып келген болсаңыз, басқа тәсілді, оның ішінде интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың жергілікті бөлімшесіне бір рет барып өтініш берсеңіз болғаны. Сол жерде ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын да жүктеп аласыз. Әрине ұялы телефон Wi-Fi интернет желісіне жалғанған болуы тиіс.
Үзінді-көшірменікез келген кезең бойынша (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдауғаболады.
Бүгінде логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізуге рұқсат етілген.Электрондық цифрлық қолтаңба Халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі.
Ұялы қосымшада анықтамалық ақпараттар, яғни, филиалдардың мекенжайлары, қордың көрсеткіштері және басқа да маңызды жаңалықтар бар. «ENPF» ұялы қосымшасын барлық операциялық жүйелерге, кез-келген смартфонға тегін жүктеуге болады.


Зейнетақының сақталуына мемлекет кепіл
Зейнетақы жинақтарының сақталуы – әрбір қазақстандықты толғандыратын келелі мәселелердің бірі. Бүгінгі салымшылардың басым бөлігі ондаған жылдардан кейін зейнетке шығатынын ескерсек, жұртшылықтың алаңдаушылығын түсіну қиын емес. Қарттық шағына қаржы жинауға асықпайтын кей отандастырмыз да өз бейқамдығын ақтау үшін «Зейнетақымыздың сақталатынына кім кепіл?» деген  сылтау айтады. Шын мәнісінде Қазақстан азаматтардың зейнетақы жинақтарының зейнетке шығу сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып   сақталуына кепілдік беретін бірден –бір елдердің санатында екенінен халықтың көпшілігі бейхабар . 
Міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейтін Жапония, Чехия, Словакия сынды елдермен салыстырмалы түрде алатын болсақ, оларда зейнетақы жинақтарына инвестициялық табыс мүлде қарастырылмаған. Бұл елдердегі басқарушы қорлар жарналардың номиналды, яғни нақты жиналған сомасының сақталуына ғана кепілдік береді. Бұл дегеніңіз инфляция есепке алынбайды, инвестициялық табыс нольге тең деген сөз. Басқаша айтқанда, адам қорға қанша жарна аударса, ақырында қолына сонша қаржы тиеді.
Словенияда басқарушылардың шекті табысы мемлекеттік облигациялардың орташа табыстылығының 40 пайызынан кем болмауы заң жүзінде бекітілген. Чилиде басқарушы қорлардың табыстылығы әркелкі, бірақ алдыңғы 36 айдағы шынайы табыстылықтың орташа көрсеткішінің 2 пайызынан кем болмауы тиіс. Германияда зейнетақы қорлары зейнетке шыққан күнге 2,25 пайыз табыстылыққа кепілдік береді.  Венгрияда зейнетақы қорларының инвестиция табыстылығы мемлекеттік облигациялар табыстылығының 15 пайызынан кем болмауы кепілдендірілген. Ал Австрия, Швеция, Эстония,Израиль, Мексика және  Норвегия  сынды елдерде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік мүлде қарастырылмаған.
Өзге елдердегі жағдайды қысқаша шолып шықтық. Ал   біздің елімізде зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді? Зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесін Қазақстан осыдан 15 жыл бұрын қолға алды. Сол шақта салымшылардың нақты аударылған зейнетақы жарналарының зейнетке шыққан сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына  мемлекет кепіл болатыны  құқықтық тұрғыда негізделді. Заң тілімен айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңында «Мемлекет салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының (МКЗЖ) нақты салынған мөлшерінің зейнетақы алу құқығы туындаған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуын қамтамасыз етеді».

2013 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылуы да бірінші кезекте салымшылардың мүддесін қорғауға бағытталған болатын. Бұған дейін жұмыс істеген жеке зейнетақы қорларының  бірқатары  активтерді тиімсіз басқарғандықтан, салымшылардың есепшоттарындағы табыс көрсеткіші нольден төмен түсіп кеткен. Жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың мүддесінен олардың қожайындарының мүдделерін жоғары қойды. 
Қазір салымшылардың жинақтары біріңғай оператордың жауапкершілігінде. БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және бірегей акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қордың мемлекеттік акциялар пакеті Ұлттық Банктің сенімді басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін    Ұлттық Банк Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп басқарады.   Салымшылардың зейнетақы жарналары диверсификациялау негізінде тәуекел мен табыс арақатынасын сақтай отырып, түрлі қаржы құралдарына салынады.  Зейнетақы активтерінің 40 пайыздан астамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына, қалғаны – инвестициялық декларацияға сәйкес ел ішіндегі, шет елдердері квазимемлекеттік компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің құнды қағаздарына, корпоративтік облигацияларға, басқа да қаржы құралдарына салынады.   

Нарық заңдылығына сәйкес, инвестициялаудан түскен табыс инфляция деңгейінен жоғары болуы да, төмен болуы да мүмкін.  Осыған орай жарна мен инфляция деңгейін есептегендегі табыстың жиынтығынан тұратын шынайы зейнетақы жинақтары мен салынған зейнетақы жарналарының арасында айырмашылық туындайды. Егер инвестициялық табыс инфляциядан төмен болса,   айырма сомасы азамат зейнетке шыққан шақта төленеді. 
Мемлекеттің кепілдігін алу құқына зейнеткерлер зейнет жасына толған сәтте ие болады. Сонымен қатар, мұндай кепілдік І и ІІ топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген азаматтарға, Қазақстаннан тысқары елдерге тұрғылықты өмір сүруге кеткендерге, міндетті кәсіби зейнетақы жинақтарын аударып тұрған шет елдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға елден біржола кеткен шақта беріледі. Мемлекеттік кепілдікке құқы бар азамат қайтыс болса, оған тиесілі өтемақы мұрагерлерінің еншісіне өтеді.  
Мемлекет кепілдігін алу үшін   «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есептеу орталығына тұрғылықты мекен-жайы бойынша  арыз жазу керек. Әрбір алушыға тиесілі сома  арнайы жасалған әдістеме бойынша жеке есептеліп,   оның банк шотына аударылады.
 Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Оның мөлшері азаматтың зейнетақы төлемдерін алу құқы туындаған сәтке инфляция деңгейін ескере отырып нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының арасындағы айырманы құрайды.
Егер инвестициялық табыс көлемі инфляцияның рұқсат етілген деңгейінен артық болса, онда салымшыға мемлекеттік кепілдік төленбейді. Қалған жағдайларда салымшылар өздеріне тиесілі өтемақыны алады. Осылайша, Қазақстанда қазіргі күні азаматтардың зейнетақы жинақтарын сақтаудың барлық мүмкіндіктері қарастырылған. Тек 2017 жылы   мемлекеттік кепілдік ретінде 12,7 млрд теңге төленді. Мұндай кепілдік тіпті өте дамыған елдерде  жоқ екенін ескере отырып, көптеген сарапшылар Қазақстанның зейнетақы жүйесін әлемдегі озық  үлгілердің санатына қосып отыр.
Өздерінің Зейнетақымен қамту саласындағы құқықтары, мүмкіндіктері, зейнетақы жинақтарының көлемі, шоттарының жай-күйі туралы білгісі келетін азаматтар үшін  БЖЗҚ әрбір тоқсан сайын   Ашық есік күндерін өткізіп тұрады. Сонымен қатар, Қордың сайты, әлеуметтік желілердегі аккаунттары, байланыс орталығы арқылы да кеңес алуға болады. Жұртшылыққа зейнетақы жүйесінің жұмысын кеңірек түсіндіру үшін  Қор мамандары кәсіпорындар мен мекемелерде көшпелі таныстырылымдар   өткізіп тұрады. Бұл шаралар Қор жұмысының сапасын көтеруге, ашықтығын қамтамасыз етуге, осы арқылы қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған.     

  Б.Сержанова
«БЖЗҚ» АҚ бас маманы


2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мың бірлікті құрады. 

2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 7 пайызды құрады.

Зейнетақы жүйесінде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгені, ал әйелдерде – шамамен 2 млн теңгені құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,13 пайызды құрады.

Бұл ретте, егер табыстылық пен инфляция деңгейін жылдық тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ (2017 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың қаңтары аралығы), бұл көрсеткіштер сәйкесінше 7,88 және 6,8 пайызды құрады.

2017 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 48,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 1,3 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 43,14 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,09 млрд теңгені құрады.

Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 

2017 жылдың маусым айынан бастап қарапайым да ыңғайлы жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Қазір сол электрондық сервистерді пайдаланушылар саны арта түсуде. Салымшылар Қордың кеңселеріне келмей-ақ, қашықтықтан БЖЗҚ сайты арқылы барлық дерлік маңызды операцияларды жүзеге асыра алады. 2018 жылдың қаңтар айында шамамен 100 салымшы жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде электрондық өтініш жолдаған. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың екінші жартысында, яғни электрондық сервистер іске қосылғаннан бері шамамен 250 адам осы қызметті пайдаланған. Яғни, бір айдың ішінде өсім 60 пайызды құрады. Ал өздерінің деректемелеріне өзгерістер енгізген салымшылардың саны бір ай ішінде шамамен 950 адамды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың екінші жартысында 1 180 адам осы сервисті пайдаланған. Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 3,5 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерген.

Айта кетелік, БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметін көрсету және Қор салымшылары мен алушылары үшін ақпарат арналарын дамыту. 2018 жылдың қаңтар айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны 64 пайызға артты.

БЖЗҚ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына ерекше көңіл бөледі: «Мобильдік агент» жобасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айында барлығы 590 рет көшпелі қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 125 бірлікке артық. Яғни, өсім 27 пайызды құрады.

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр. 2018 жылдың қаңтар айында 1 543 көшпелі тыныстырылымдық шара өткізілді. Шамамен 49 мың тұрғын қамтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 есе көп.

Қазіргі уақытта МЗЖ бойынша ЖЗШ ашқан, бірақ бірде-бір жарна салмаған, сондай-ақ жеке зейнетақы шоттарына үш және одан да көп жыл барысында зейнетақы жарналары түспеген салымшыларға телефон шалу жұмыстары басталды. Ондағы мақсат – бұл салымшылардың деректерінің мәртебесін айқындау.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақының өсетіндігін естідім. Осы туралы білгім келеді. Тағы бір сұрақ, биыл Қазақстанда ең төмен және орташа зейнетақының мөлшері қандай?
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен екі түрлі зейнетақы төленеді. Бірі - ортақ (еңбек) зейнетақы болса, екіншісі - базалық зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8 пайызға, ал базалық зейнетақы 6 пайызға өсті. Осылайша, базалық зейнетақыны ескере отырып айтар болсақ, қазіргі таңда елімізде ең төмен зейнетақы 40 019 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері 71 333 теңгені құрайды. Бұл өзгеріс барлық зейнеткерлерге тиесілі.
Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа әдістемемен есептелетін болады. Яғни, енді базалық зейнетақыны тағайындағанда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толық ескеріледі. Яғни, еңбек өтілі жоғары болған сайын, базалық зейнетақының мөлшері де ұлғая түседі деген сөз.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы қалай есептелетін болады?
Бүгінде базалық зейнетақы зейнеткерлікке шыққан әрбір азаматқа еңбек өтілі мен айлық табысы және зейнетақы жинағының көлеміне қарамастан өмір бойына бірдей мөлшерде тағайындалып келеді. Оның мөлшеріқазір 15 274 теңгені құрайды (ең төмен күнкөріс деңгейінен сәл жоғары) және ол жыл сайын өсіп отырады.
Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оның мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан бастап 100 пайызына дейін артатын болады.
Жаңа әдістеме бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толығымен ескеріледі.
Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды. Оның көлемі биыл - 28 284 теңге.
Мысалы, 2017 жылы базалық зейнетақының мөлшері 14 466 теңге болды. Ал  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 274 теңгені құрады (базалық зейнетақы 6 пайызға өсті). Енді 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол, еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған жағдайда 28 284 теңгеге дейін ұлғаяды.  
Базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа толған барлық азаматтар үшін қайта есептеледі. Ал зейнетақы алып жүрген азаматтар үшін базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін қосымша құжаттар ұсынудың қажеті жоқ. Жарналардың төленуі жайында барлық деректер бірыңғай ақпараттық жүйеде бар.
2018 жылдың 1 шілдесінен кейін зейнетке шығатын азаматтар ғана 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтер ұсынулары тиіс. 

Мен екі жылдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Ай сайынғы төлемді қалай есептеуге болады?
Ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті қолданылады. Оның көлемі қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты есептеледі. Ол тұрақты шама. 
Коэффициенттер кестесі ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген.
Зейнеткерлер кестеге сәйкес, жыл сайын зейнетақы жинақтарының тек бір бөлігін ғана ала алады. Сондықтан, коэффициенттің шамасы қашанда 1-ден төмен болады. 
Осылайша, алушының жасына қарай зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Одан шыққан сома – БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем болып табылады.  
Ай сайынғы төлемдердің сомасы алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады.
Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомаларының келесі кестеге сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі:

Алушының жасы

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті

58

 0,09421

59

 0,09582

60 

 0,09764

61 

 0,09969

62 

 0,10202

63 

 0,10467

64 

 0,10771

65 

 0,11121

66 

 0,11528

67 

 0,12005

68 

 0,12570

69

 0,13246

70

 0,14067

71 

 0,15081

72 

 0,16362

73 

 0,18024

74 

 0,20257

75

 0,23404

76

 0,28152

77 

 0,36099

78 

 0,52048

79

 1,00000

Осы кестені қолдана отырып, ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есептеп шығаруға болады. 
Жаңа ережеге сәйкес, ай сайынғы төлемдер ағымдағы жылғы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмауы керек.  
Болашақ зейнетақыны есептеу үшін болжамдық зейнетақы калькуляторын пайдалануға болады. Ол enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» - «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде қолжетімді (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php).

Мен банктегі берешегімді өтеуім керек. Сол үшін зейнетақы жинақтарымды мерзімінен бұрын ала аламын ба?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындамай жатып мерзімінен бұрын берілмейді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған кезде, заңнамаға сәйкес оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады.
Ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені төлеу, жылжымайтын мүлік сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкіндігі қарастырылмаған.

Менің зейнеткерлікке шыққаныма үш жыл болды. Қазір төлемдерді кестеге сәйкес жылына бір рет аламын. Мен оны ай сайынғы кестеге ауыстыра аламын ба?
Зейнетақы заңнамасына енгізілген және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сомаалушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
Егер зейнетақы жинақтарының көлемі бұл сомадан асып кетсе, зейнетақы тек ай сайын төленетін болады.
2018 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алып келген азаматтар зейнетақы төлемдерінің мерзімділігін (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) сақтауға және өзгертуге құқылы. Яғни, жаңа өзгерістер зейнетақы төлемдерін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап рәсімдейтін азаматтарға ғана тиесілі.
Зейнетақы төлемдерін тағайындаудағы басты мақсат – еңбекке қабілетсіз, яғни зейнет жасындағы азаматтардың күнделікті тіршілігін лайықты деңгейде қамтамасыз ету.
Зейнетақы төлеу кестесін өзгерту үшін БЖЗҚ жергілікті бөлімшесіне жүгіну қажет.
Айта кетелік, ағымдағы жылдың қаңтарында еліміз бойынша 20 шақты адам зейнетақы төлемдерін жыл сайын алу кестесін ай сайын алу кестесіне ауыстыру жөнінде өтініш берген. Осылайша, уақыт өткен сайын зейнетақы жинақтарын үнемдеп жұмсайтындарсаны біртіндеп артатын болады.


Қарттық шақ қазыналы болсын десеңіз...

Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен. Одан басқа кезең әрине қарбалас тірлікке толы: мектепке барады, университетте оқиды, жұмыс істейді. Енді мектеп қабырғасында көңіл сүйген өнермен айналысуға мүмкіндік бар (спорт, музыка, би, сурет салу) деп айтуға болады. Студенттік жылдары да сүйікті ісіңмен айналысуға уақыт табылады. Бірақ, жұмыста басқа тірлікке мойын бұруға уақыт табу қиын. Адам бұл кезеңде өзі үшін емес, әйелі, бала-шағасы үшін өмір сүреді. Сананы тұрмыс билейді: «Үй салсам екен, сол үйде бала-шағамаман болып, қарындары тоқ, уайымдары жоқ болып, қатарынан қалмай өмір сүрсе екен», - деп тілейсің. Оның үстіне ата-анаңды, туған-туыстарыңды, дос-жарандарыңды, әріптестеріңді  ұмытуға болмайды. Абыройыңды сақтай отырып, барлығымен лайықты қарым-қатынас жасағың келеді. Қолыңнан келсе, қамқор болуға, қолдау көрсетуге дайынсың. Ал өзіңе қарауға,тіпті уақтысында лайықты емделіп алуға да уақыт табылмай жатады. Бітпейтін күнделікті қу тіршілік өзіңді ұмыттырып жібереді... Ал демалыс күндері жаның қалайтын іспен айналысуға уақыт анда-санда табылса табылар, табылмаса ол да жоқ. Осылай өмір шіркін «Сіз бен бізге білінбей» өте береді, өте береді. Сөйтіп жүргенде шашқа ақ кіреді, бел ауырып, балтыр сыздай бастайды... Ал көңілдегі армандар қол жетпес сағымдай болып қала береді.

«Сонда адам тек бала кезіңде және зейнет жасыңда ғана емін-еркін демалып, қалаған ісімен айналыса алады екен ғой» деген ой келеді. Тек бұл жерде баланың ата-анасы мен ата-әжесі тұрғанда ақшаның қайдан келетінімен ісі болмайды. Ал зейнет жасында сүйікті іспен айналысуға уақыт табылғанымен, оған ақша табыла қояр ма екен? Белгілі орысжазушысыВалентин Катаевтың «Кішкентай сыбызғы мен құмыра» деп аталатын ертегісін білесіз бе? Онда сиқыршы кішкентайқызға сыбызғы сыйлайды. Сол сыбызғыда ойнасаң, алаңқайда жапырақтардың астына жасырынған жидектердің барлығы көрінеді. Оларды еш қиналмай жинауға болады. Бірақ, жинауға ыдыс жоқ. Сонда жеткіншек қыз сиқыршыға өтініш жасайды. Сиқыршы сыбызғының орнына кішкентай құмыра береді. Қыз қуанып, алаңқайға жүгіріп шығады. Бірақ, жидектер сыбызғының әуені естілмеген соң көрінбейді. Мінеки, өмірде де солай, сыбызғы болса, құмыра жоқ, құмыра болса сыбызғы жоқ. «Әттең тонның келтесі-ай»! Жұмыс істеп жүрген кезде ақша бар, бірақ уақыт жетпейді, зейнетіңде уақыт бар, бірақ, қалтаң таяз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: зейнеткерлікке шығып, қазыналы, қалталы қарт болып жүру үшін, сүйікті ісіңе қысылмай ақша жұмсау үшін ерте бастан қамданып, болашаққа қор жинағанабзал. Қаншалықты көп жинасаңыз, зейнет жасында алар зейнетақы да қомақты бола түседі. Яғни, «Не ексең, соны орасың». Әрине, қалта қалың болса, спортпен айналысуға, немерелерді ертіп, концерт, театрға баруға болады. Шипажайға барып демалуға,ел аралауға  мүмкіндік табылады. Жастық шақта тартқан бейнеттің қартайғанда зейнетін көру үшін болашақты бүгіннен жоспарлап, құрметті демалысқа қаржы жинаңыз. «Тарта жесең тай қалар, тартпай жесең не қалар!?», - деп ата-бабамыз бекерге айтпаса керек-ті. Демек, зейнетақы шотыңыз тұрақты түрде жарналармен толығып тұрса,ол  - қамсыз қарттығыңыздың кепілі! Бұл үшін ерікті зейнетақы жарналарының да тигізер септігі зор.«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, ерте бастан қамданып, болашағының іргесін бүгіннен бастап қалауға кіріскен жанның болашағы да жарқын бола түсері сөзсіз!


«БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына ақпарат беру туралы  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жылына кемінде бір рет беруге, сондай-ақ кез келген сұрау салынған күнге оның сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға (алушыларға) биыл да жыл сайынғы міндетті ақпарат беру науқанын бастады.
Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал алу тәсілін салымшы (алушы) өзі таңдайды. ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені мынадай тәсілдермен алуға болады:
-  дәстүрлі пошта байланысы арқылы – жылына бір рет;
- электрондық пошта арқылы - үзінді-көшірме таңдалған кесте бойынша (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) жолданады;
-  Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шектеусіз түрде;
- интернет байланысы арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы) – онлайн тәртібінде – шектеусіз. 
- ҚР электрондық үкіметі (www.egov.kz) сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Зейнетақымен қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы үзінді-көшірме алуға болады. 
2017 жылды қорытындылай отырып айтар болсақ, салымшылар мен алушылар арасында ақпарат алудың электрондық тәсілдері танымал бола түскен. Ал зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңселеріне келіп алу саны өткен жылдармен салыстырғанда елеулі түрде азайған. Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша хабарлау тәсілі ретінде «Жеке өзі келіп өтініш жасау» жолын таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 2,2 млн адамды құраса, «Пошта байланысы» тәсілін таңдағандар саны өткен жылы 18 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 1,8 млн адамды құрады.
Сонымен қатар 2017 жылы интернет байланысы тәсілін таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,9 млн адамды құрады. Ал үзінді-көшірмені электрондық пошта арқылы алуды таңдағандар саны 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 0,8 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75 пайызға жоғары. Осылайша, ағымдағы жылдың басына қарай үзінді-көшірмені электрондық жолмен алу тәсілін таңдағандар саны 4,7 млн адамнан асты.
Электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілі Алматы мен Астана қалаларында танымал бола түскен. Яғни, бұл қалаларда кептелісте тұрғысы келмейтіндер саны бір жыл ішінде сәйкесінше 65 және 70 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 195 және 174 мың адамды құрап отыр. Ал бұл екі қаланың экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарының 22 және 36 пайызын құрайды.
Ел өңірлерінде интернет байланысы бойынша жағдай мынадай сипатқа ие. Бірінші орында Алматы қаласы, екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, ал үшінші орында Қарағанды облысы келеді. Бұл қалаларда интернет байланысын пайдаланушылар саны өткен жылдың ішінде сәйкесінше 30, 35 және 33 пайызға өсіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 560 мың, 395  мың және 324 мың адамға жетті. Бұл осы облыстардағы экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың 63, 35 және 49 пайызын құрайды.
Үзінді-көшірмелер салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімде көрсетілген мекенжайларға, электрондық пошталарға жолданады. Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы жыл соңына дейін БЖЗҚ-ға хабарламаса, онда пошта байланысы арқылы 2017 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып оралады. Бұл жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес, келесі жылы үзінді-көшірмені оған жібермеуге құқылы. 
Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қарай салымшының зейнетақы шотында қаржы болмаса немесе қандай да бір хабарлау тәсілі таңдалмаған  болса, БЖЗҚ оған өткен жыл бойынша зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты жібермейді.
2017 жылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алу мүмкіндіктері жайында бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде түсіндіру науқаны жүргізілген болатын. Бірақ, соған қарамастан қазіргі уақытта 1,3 миллионға жуық адам үзінді-көшірме алмайды. Оған себеп – олар зейнетақы шотын ашарда хабарлау тәсілін белгілемеген.
Қазіргі уақытта барлық дербес қызмет көрсету орталықтарында салымшылардың бұл санатымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қорға өтініш жасап келген кезде оларға зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу тәсілі ретінде интернет байланысы ұсынылады. Одан басқа, «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға тікелей хабарлау шараларын жүргізіп жатыр. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың электрондық поштасына e-mail-хабарландыру және ұялы телефондарына SMS-хабарландырулар жіберілу үстінде. Сонымен қатар БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында салымшалырға жеке деректемелерін өзектендіру қажеттігі туралы материалдар жариялай отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.         
БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қор кеңселеріне келіп өтініш жасау немесе өзекті электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен өзінің жеке деректемелерін өзектендіруге және/немесе ыңғайлы, заманауи хабарлау тәсілін таңдауға кеңес береді. Өйткені ескі деректемелер Қордың өз міндеттемелерін орындауына кері әсер етеді.  
Ең танымал және заманауи хабарлау тәсілі – интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені онлайн тәртібінде кез келген уақытта, кез келген жерде enpf.kz сайты немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте салымшы үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.


«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз. 

1. Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?  

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алушыға) ол таңдаған хабарландыру әдісімен жүргізіледі. Бұл үшін алушы (салымшы) келесі хабарландыру әдістерінің бірін таңдауы тиіс:
- БЖЗҚ  офисіне жеке өзі келген жағдайда немесе Интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың  (алушылардың) ақпараттықанша рет сұратуына шек қойылмаған ;
- ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерінде немесе ақпараттандыру әдісін өзгерту/таңдау туралы қосымша келісімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдіс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бір жылда) бір мәрте;
- пошта байланысы арқылы – жылына бір мәрте; 
- интернет-ақпараттандыру – онлайн режимінде; ақпараттандырудың бұл әдісі арқылы жеке зейнетақы шоты бойыншаenpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкіметтің сайтындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» -- «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзінді-көшірме» бөлімінен ҚР электрондық үкімет порталында тіркеліп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады. 

2. Салымшы (алушы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге міндетті ме?

2013 жылдың  21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес,  міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының салымшылары мен БЖЗҚ-ның алушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай БЖЗҚ-ны Қор міндеттемелерін орындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы бұл өзгерістер туындаған сәттен бастап, он күнтізбелік күн ішінде ескертуі тиіс.
Бұған салымшы  тиісті хабарландыру тәсілін таңдаған болса, электрондық және пошта мекен-жайын өзгерту жатады.
1) Зейнетақымен қамтамасыз ету келісім-шартта көрсетілген пошта мекен-жайының өзгергені туралы, егер Сіз «пошта арқылы» деген зейнетақы салымдары туралы хабарландыру тәсілін таңдаған болсаңыз, БЖЗҚ-на жеке өзіңіз барып немесе пошта байланысы арқылы, аты—жөніңіз, тегіңіз, туған жыл, ай-күніңіз, жеке идентификациялық номеріңіз (ЖИН) көрсетілген, жеке куәлігіңіздің көшірмесі салынған хабарлама арқылы ескерте аласыз.  
2) Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім-шартта немесе ақпараттандыру әдісін белгілеу/өзгерту туралы қосымша келісімде ақпараттандыру әдісі ретінде «электрондық пошта(e-mail)» деп көрсеткен болсаңыз, осыэлектрондық мекен-жай өзгерген жағдайда,  бұл туралы Қорды  ескертуіңіз керек. Көңіл аударатын жәйт, Сіз электрондық мекен-жайыңыздың өзгергені туралы тек ЖЗБҚ офисіне өзіңіз барып қана ескертуіңізге болады. 
Егер салымшы (алушы) өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін тұрғылықты мекен-жайын өзгертіп, бұл туралы Қорды ескертпеген болса, 2017 жылға пошта арқылы жіберілген үзінді-көшірме БЖЗҚ-ға қайтып келеді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңға сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді-көшірмені пошта арқылы жөнелтпеуге құқылы. 
Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына салымшының (алушының)  тиісті жылдың 1 қаңтарына ЖЗШ-да қаржысы болмаса немесе оны хабарландыру әдісі туралы тиісті келісім жасалмаса, БЖЗҚ оны зейнетақы жинақтау шотының жай-күйі туралы хабарландырмауға құқылы.  БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерінің жеке мәліметтерін жаңартып, және/немесе хабарландырудың жаңа тәсілін таңдау үшін Қордың жеке қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес береді.  

3. БЖЗҚ офисіне бармай –ақ реквизиттердегі мекен-жайды өзгертуге бола ма? 

БЖЗҚ  2017 жылы өзінің электрондық қызмет көрсету жүйесін кеңейтіп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинеті арқылы реквизиттеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік берді. Енді БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген   реквизиттердің (жеке куәлік туралы ақпарат, тұрғылықты жердің мекен-жайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон номерлері) өзектілігін электрондық сандық қолтаңбаның өзекті кілті бар жағдайда өз бетінше тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер және (немесе) түзетулер  енгізуге болады.  Бұл үшін БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлімге кіріп, «Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу» атты электрондық қызметке жүгініп, керекті өзерістерді енгізу қажет.

4. Егер зейнетақы қорымен келісім-шарт жеке куәлік негізінде жасалған болса,  ақпараттандыру әдісін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған кезде ҚР азаматының төлқұжатын пайдалануға бола ма? 

Иә, ҚР азаматының төлқұжатын хабарландыру тәсілін өзгерту/ белгілеу туралы  келісімге қол қою  үшін пайдалануға болады. Бұл ретте салымшының (алушының) негізгі деректемелерініңсәйкестігісалымшының бұрын жеке басты куәландыратын басқа құжат (әкесінің аты көрсетілген жеке куәлік, тұруға ықтиярхат) беруі салдарынан пайда болған «әкесінің аты» деректемесіндегі алшақтықты есепке алмай-ақ тексеріледі.

5. ЖЗШ-да қалған қаржы мен оның есеп-қисабы туралы Анықтаманы кім талап ете алады? 

Зейнетақы жинақтары туралы құпияны зейнетақы жарналарын аударып жүрген салымшыға, алушыға немесе кез-келген үшінші тұлғаға тек салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі арқылы ғана беруге болады. 
ЖЗШ-да қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтама:
1) алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдарына олардың өндірісіндегі қылмыстық істерге қатысты; 
2) соттарға – сот ұйғарымы бойынша  олардың өндірісіндегі істерге қатысты; 
3) сот орындаушыларына – сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың өндірісіндегі атқару құжаттары негізінде; 
4) мемлекеттік кіріс органдарына – тексеріліп жатқан тұлғаның  міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, төлеу  мәселелеріне байланысты; 
5) өкілетті органға–салымшының (алушының) арызына немесе өкілетті органның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруіне байланысты   туындаған мәселелергеқатысты; 
6) прокурорға  -  қарауындағы материалға қатысты оның өкілеттігі аясында тексеру жүргізу туралы қаулыға сәйкес;
7) қаржылық мониторинг жөніндегі өкілетті органға –  ҚР«Қылмыстық жолмен алынған  табыстарды жариялауға және лаңкестікті қаржыландыруға тосқауыл қою   туралы» Заңында көрсетілген мақсаттарда және тәріпте; 
8) салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариалды бекітілген сенімхат немесе сот шешімінің негізінде; 
9) Орталыққа – міндетті зейнетақы қорлары, кәсіби міндетті зейнетақы қорлары бойынша салымшылардың (алушылардың) мәліметтер базасын жасау және міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуын, салымшының зейнетақы төлемдеріне құқын алу сәтіне нақты салымдарының инфляция деңгейін ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында; 
10) орталық атқарушы органға – салымшы (алушының) арызына байланысты туындаған мәселелерге орай; 
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына жыл сайын аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;
12) Халыққа қызмет ету орталықтарына – салымшыға (алушыға) немесе оның  арызы бойынша, олардың өкіліне нотариалды бекітілген сенімхат бойынша немесе сот шешімі бойынша.
Сонымен қатар, жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы, ондағы қалдық пен қаражат қозғалысы туралы анықтама салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагер болып табылатын азаматтарға немесе өсиетхатта көрсетілген тұлғаларға олардың жазбаша арызы бойынша, соттарға - олардың өндірісіндегі мұрагерлік туралы істер бойынша беріледі. 


«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз.

1. Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?  

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алушыға) ол таңдаған хабарландыру әдісімен жүргізіледі. Бұл үшін алушы (салымшы) келесі хабарландыру әдістерінің бірін таңдауы тиіс:
- БЖЗҚ  офисіне жеке өзі келген жағдайда немесе Интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың  (алушылардың) ақпараттықанша рет сұратуына шек қойылмаған ;
- ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерінде немесе ақпараттандыру әдісін өзгерту/таңдау туралы қосымша келісімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдіс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бір жылда) бір мәрте;
- пошта байланысы арқылы – жылына бір мәрте; 
- интернет-ақпараттандыру – онлайн режимінде; ақпараттандырудың бұл әдісі арқылы жеке зейнетақы шоты бойыншаenpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкіметтің сайтындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» -- «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзінді-көшірме» бөлімінен ҚР электрондық үкімет порталында тіркеліп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады. 

2. Салымшы (алушы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге міндетті ме?

2013 жылдың  21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес,  міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының салымшылары мен БЖЗҚ-ның алушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сай БЖЗҚ-ны Қор міндеттемелерін орындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы бұл өзгерістер туындаған сәттен бастап, он күнтізбелік күн ішінде ескертуі тиіс.
Бұған салымшы  тиісті хабарландыру тәсілін таңдаған болса, электрондық және пошта мекен-жайын өзгерту жатады.
1) Зейнетақымен қамтамасыз ету келісім-шартта көрсетілген пошта мекен-жайының өзгергені туралы, егер Сіз «пошта арқылы» деген зейнетақы салымдары туралы хабарландыру тәсілін таңдаған болсаңыз, БЖЗҚ-на жеке өзіңіз барып немесе пошта байланысы арқылы, аты—жөніңіз, тегіңіз, туған жыл, ай-күніңіз, жеке идентификациялық номеріңіз (ЖИН) көрсетілген, жеке куәлігіңіздің көшірмесі салынған хабарлама арқылы ескерте аласыз.  
2) Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім-шартта немесе ақпараттандыру әдісін белгілеу/өзгерту туралы қосымша келісімде ақпараттандыру әдісі ретінде «электрондық пошта(e-mail)» деп көрсеткен болсаңыз, осыэлектрондық мекен-жай өзгерген жағдайда,  бұл туралы Қорды  ескертуіңіз керек. Көңіл аударатын жәйт, Сіз электрондық мекен-жайыңыздың өзгергені туралы тек ЖЗБҚ офисіне өзіңіз барып қана ескертуіңізге болады. 
Егер салымшы (алушы) өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін тұрғылықты мекен-жайын өзгертіп, бұл туралы Қорды ескертпеген болса, 2017 жылға пошта арқылы жіберілген үзінді-көшірме БЖЗҚ-ға қайтып келеді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңға сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді-көшірмені пошта арқылы жөнелтпеуге құқылы. 
Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына салымшының (алушының)  тиісті жылдың 1 қаңтарына ЖЗШ-да қаржысы болмаса немесе оны хабарландыру әдісі туралы тиісті келісім жасалмаса, БЖЗҚ оны зейнетақы жинақтау шотының жай-күйі туралы хабарландырмауға құқылы.  БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерінің жеке мәліметтерін жаңартып, және/немесе хабарландырудың жаңа тәсілін таңдау үшін Қордың жеке қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес береді.  

3. БЖЗҚ офисіне бармай –ақ реквизиттердегі мекен-жайды өзгертуге бола ма? 

БЖЗҚ  2017 жылы өзінің электрондық қызмет көрсету жүйесін кеңейтіп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинеті арқылы реквизиттеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік берді. Енді БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген   реквизиттердің (жеке куәлік туралы ақпарат, тұрғылықты жердің мекен-жайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон номерлері) өзектілігін электрондық сандық қолтаңбаның өзекті кілті бар жағдайда өз бетінше тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер және (немесе) түзетулер  енгізуге болады.  Бұл үшін БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлімге кіріп, «Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу» атты электрондық қызметке жүгініп, керекті өзерістерді енгізу қажет.

4. Егер зейнетақы қорымен келісім-шарт жеке куәлік негізінде жасалған болса,  ақпараттандыру әдісін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған кезде ҚР азаматының төлқұжатын пайдалануға бола ма? 

Иә, ҚР азаматының төлқұжатын хабарландыру тәсілін өзгерту/ белгілеу туралы  келісімге қол қою  үшін пайдалануға болады. Бұл ретте салымшының (алушының) негізгі деректемелерініңсәйкестігісалымшының бұрын жеке басты куәландыратын басқа құжат (әкесінің аты көрсетілген жеке куәлік, тұруға ықтиярхат) беруі салдарынан пайда болған «әкесінің аты» деректемесіндегі алшақтықты есепке алмай-ақ тексеріледі.

5. ЖЗШ-да қалған қаржы мен оның есеп-қисабы туралы Анықтаманы кім талап ете алады? 

Зейнетақы жинақтары туралы құпияны зейнетақы жарналарын аударып жүрген салымшыға, алушыға немесе кез-келген үшінші тұлғаға тек салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген жазбаша келісімі арқылы ғана беруге болады. 
ЖЗШ-да қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтама:
1) алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдарына олардың өндірісіндегі қылмыстық істерге қатысты; 
2) соттарға – сот ұйғарымы бойынша  олардың өндірісіндегі істерге қатысты; 
3) сот орындаушыларына – сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың өндірісіндегі атқару құжаттары негізінде; 
4) мемлекеттік кіріс органдарына – тексеріліп жатқан тұлғаның  міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, төлеу  мәселелеріне байланысты; 
5) өкілетті органға–салымшының (алушының) арызына немесе өкілетті органның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруіне байланысты   туындаған мәселелергеқатысты; 
6) прокурорға  -  қарауындағы материалға қатысты оның өкілеттігі аясында тексеру жүргізу туралы қаулыға сәйкес;
7) қаржылық мониторинг жөніндегі өкілетті органға –  ҚР«Қылмыстық жолмен алынған  табыстарды жариялауға және лаңкестікті қаржыландыруға тосқауыл қою   туралы» Заңында көрсетілген мақсаттарда және тәріпте; 
8) салымшының (алушының) өкілдеріне – нотариалды бекітілген сенімхат немесе сот шешімінің негізінде; 
9) Орталыққа – міндетті зейнетақы қорлары, кәсіби міндетті зейнетақы қорлары бойынша салымшылардың (алушылардың) мәліметтер базасын жасау және міндетті зейнетақы жарналары, кәсіби міндетті зейнетақы жарналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуын, салымшының зейнетақы төлемдеріне құқын алу сәтіне нақты салымдарының инфляция деңгейін ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында; 
10) орталық атқарушы органға – салымшы (алушының) арызына байланысты туындаған мәселелерге орай; 
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына жыл сайын аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;
12) Халыққа қызмет ету орталықтарына – салымшыға (алушыға) немесе оның  арызы бойынша, олардың өкіліне нотариалды бекітілген сенімхат бойынша немесе сот шешімі бойынша.
Сонымен қатар, жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы, ондағы қалдық пен қаражат қозғалысы туралы анықтама салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагер болып табылатын азаматтарға немесе өсиетхатта көрсетілген тұлғаларға олардың жазбаша арызы бойынша, соттарға - олардың өндірісіндегі мұрагерлік туралы істер бойынша беріледі. 


 

 


2017 жылғы 1 қаңтардағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау (rar, 40 Kb)


БЖЗҚ туралы 5 сауал

Оқырмандарымыздың сауалдарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары жауап берді.

Менің қызым келісім-шарт бойынша шетелде жұмыс істейтіндіктен зейнетақы қорына аударым жасамайды. Айтыңызшы, біз оның орнына БЖЗҚ-дағы оның шотына ақша аудара аламыз ба? Ол үшін не істеу керек және аударымдар қандай валютамен қабылданады?

- Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмыс істей отырып, Сіздің қызыңыздың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысуға мүмкіндігі бар екенін айта кету керек.

Сонымен қатар Сіз қызыңыздың болашақ қамын жасай аласыз және үшінші тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналары туралы шарт жасай аласыз не қызыңыздың өзі осындай шартты өз пайдасына жасай алады. Мұндай тәсіл өте ыңғайлы, өйткені жарналардың кезеңділігін және мөлшерін адам өзі белгілей алады. Айтып өткеніміздей, ерікті жарналарды өз туыстарының және жақындарының пайдасына аударуға болады. БЖЗҚ сайтында орналастырылған зейнетақы калкуляторы келешектегі зейнетақының болжалды мөлшерін есептеуге көмектеседі және тұрақты аударылатын ең аз ерікті жарналардың өзі зейнетақы жинағыңызды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін көрнекті түрде көрсетеді.  Оларды теңгемен салу керек.

Жақында зейнетке шығамын, шотыма 2,5 миллионға жуық теңге жинап үлгердім. Айтыңызшы, мен құрметті демалысқа шыға салысымен барлық соманы бірден ала аламын ба немесе оны бөліп-бөліп бере ме? Неге? Егер барлық соманы алатын болсам, қанша пайыз жоғалтамын? БЖЗҚ осындай қызмет үшін сыйақы алады деп естідім.

- Тиісті қаржы жылына (2016 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен ең төменгі зейнетақы мөлшері - 25 824 теңге) белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда ғана барлық зейнетақы жинағын алуға болады. Яғни, қазіргі сәтте бұл сома - 774 720 теңге (30-ды 25 824 теңгеге көбейту). Демек, зейнетақы жинақтарыңыздың қалдығын ескерсек, сіз барлық соманы бірден ала алмайсыз. Сіз жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептеуге болатын зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын белгіленген кесте бойынша алуға құқылысыз. Осылайша, сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы жинақ шамамен үш жыл ішінде төленетін болады. Мұндай тәртіп БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидасымен белгіленген. Қағида ҚР Үкіметінің 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген.

Сіздің сұрағыңыздың екінші бөлігіне келер болсақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 160-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері - төлем көзіне жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын табыс. Осыған орай кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушыдан міндетті түрде Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салықтық шегерімдер ескеріле отырып 10 пайыз мөлшерінде ЖТС ұсталады. Салық салынбайтын зейнетақы төлемдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі еңбекақының 12 еселенген мөлшеріне тең. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ өтініште көрсетілген алушының банк шотына аударады. Оларды айырбастау және шетелдік банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына аудару қызметтерін қоспағанда, зейнетақы жинақтарын аударуға, есепке жазуға және төлеуге байланысты банк қызметтерінің ақысы БЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен төленеді.

- Келесі жылы зейнетке шығамын және менің жинақтарым қалай қорғалған, оларға дағдарыстық үдерістер, құнсыздану және басқалар әсер етті ме деп жиі ойлай бастадым?

- Азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғау және оларды индекстеу тетігі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында  тұжырымдалған. Зейнетақы жинақтарын Қазақстан экономикасындағы құнсыздану деңгейін ескере отырып сақтау жауапкершілігін мемлекет өз мойнына алды. Заңның 5-бабына сай мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі құнсыздану деңгейін ескере отырып, нақты салынған жарналар мөлшерінде сақтауға кепілдік береді. Бұл бап зейнетақы жинақтары бойынша жинақталған табыстылық деңгейі жинақталған құнсыздану деңгейінен төмен болған жағдайда қолданылып жүр және қолданылады. Төлемге құқығы бар азаматтар мемлекеттік бюджеттен тиісті өтемақы алады. Жинақтарды сақтау бойынша мемлекеттің осындай тікелей жауапкершілігі әлемнің еш жерінде жоқ екенін айта кету керк.

Мен қоныс аударып едім, енді жаңа мекенжайыма БЖЗҚ-дан шотымның жай-күйі туралы деректері бар хаттар келмейтін болды. Айтыңызшы, бұл ақпаратты білудің басқа жолдары бар ма?

- БЖЗҚ-ға өзіңіздің жаңа мекенжайыңызды хабарлауыңыз қажет еді, оны хабарламағандықтан, сіз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы жыл сайынғы үзінді көшірмені алмайсыз. Сондықтан БЖЗҚ бөлімшесіне бір рет келіп, не өз деректемелеріңізге түзетулер енгізіңіз, не ең дұрысы, хабарлау тәсілін өзгертіңіз.

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше арнасы бар. Сіз салымшы ретінде өзіңізге қолайлысын таңдай аласыз. Бұл - жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе жеке келісімде көрсетілген салымшының электрондық мекенжайына хабарлама жіберу. Ақпарат алудың ең жедел тәсілі - www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы алу. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса немесе логин мен парольді тіркесеңіз, сіз үйден немесе кеңседен шықпай-ақ өз шотыңызды тексеріп, жұмыс берушіден түскен түсімді бақылай аласыз. Біздің мамандар смартфондар мен планшеттерге арнап әзірлеген ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Жинақтар туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндігі бар. Қызмет «Азаматтар» санатының «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде. Оны алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталына тіркелу қажет. Сізге ақпаратты БЖЗҚ мамандарының бергенін қаласаңыз, сіз үшін республика аумағында 232 дербес қызмет көрсету орталығы ашылған. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы хабарлау тәсілі әлі де қолданылады.

2016 жылғы 1 қазанда 2,5 миллионға жуық адам немесе әрбір төртінші салымшы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдады. Оның 214 мыңнан астамы үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады және 2,3 миллион адамның сайт арқылы немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 245 мыңнан астамға артқан және 2016 жылғы 1 қазанда жүктеп алу 357,9 мыңға жетті.

2018 жылдан бастап зейнеткерлердің зейнетақысына өтіл үшін үстеме қояды деп естідім. Бұл шын мәнінде солай ма? Егер солай болса, оны алу үшін өтіл қандай болу керек?

- 2018 жылдың шілде айынан бастап базалық зейнетақы төлемін есептеу тетігі өзгеретін болады. Қазіргі уақытта ол барлық алушыға бірдей төленеді және 11 965 теңге. 2018 жылдан бастап оның мөлшері әр түрлі болады: өтілі он және одан кем болғанда немесе ол болмаған жағдайда - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы. Әрбір келесі толық жылға базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2 пайызға өсетін болады. Яғни, өтілі 20 жыл болғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайтын болады, 30 жыл - 90 пайыз, ал 35 және одан көп жылдық өтіл кезінде - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызы.Өтіл ескерілген зейнетақы тағайындауға қатысты толық ақпарат алу үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» бара аласыз, Астанада 8 (7172) 75-37-10 телефонына, Алматыда 8 (727) 331-21-13 телефонына немесе 1411 нөміріне (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін) хабарласа аласыз.


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2016 жылғы «» қараша

2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

 

Алматы, Қазақстан - 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,57 трлн. теңге болды. 2016 жылдың басынан бастап зейнетақы жинақтары 737,4 млрд. теңгеге көбейді.  

2016 жылы 10 ай ішінде түскен зейнетақы жарналарының сомасы шамамен 566 млрд. теңге болды. Бұл ретте, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтару жүзеге асырылуда.  2016 жылы 10 ай ішінде мұндай қайтарымдардың жалпы сомасы шамамен 146 млрд. теңге болды.   

2016 жылы 10 айы бойы салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген инвестициялық табыстың таза сомасы 457,7 млрд. теңге болды.

2016 жылғы 1 қаңтар - 31 қазан аралығындағы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 6,2% құнсыздану кезінде 7,7% болды.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы 2016 жылы 10 айы бойы  142,6 млрд. теңгені, оның ішінде сақтандыру ұйымына аударымдар 16,9 млрд. теңгені құрады.

Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,07 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен  9,62 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 415 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 мың болды.

Бүгінде салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсететін 232 орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,6 млн. астам адам электрондық хабарлау тәсілін таңдаған. 212 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзінді көшірме алады, ал 2,4 млн. адам сайт немесе түрлі операциялық жүйелерде қызмет ететін смартфондар мен планшеттер үшін «ENPF» ұялы қосымшасынан ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Ұялы қосымша шыққан кезден бастап оны жүктеу 408 мыңға жетті. Оның ішінде  Android платформасындағы қосымша 331,8 мың рет, iOS - 70 мың рет, Windows Phone - 6,2 мың рет жүктелген. 

 

2015 жылғы ақпанда Электрондық үкімет арқылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі  туралы (инвестициялық табыс ескерілген) ақпарат беру» қызметі қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қарашада салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 338 мың үзінді көшірме берілді. Салыстыру үшін портал арқылы жыл басында 125 мың үзінді көшірме берілген болатын.   

 

 

«БЖЗҚ» АҚ» 2013 тамызда 22 тамызда  «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды.  Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру» ММ арқылы БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.  «БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруында тұр. БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін жүргізуді, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ  www.enpf.kz).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz