Социальная защита

Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары «Аумақты дамыту», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы» (бұдан әрі жаңа Бағдарлама), «Агробизнес 2020»,  «Бизнестің жол картасы 2020» , «Нұрлы Жол», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары  арқылы жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімге жұмысқа орналасу мәселесімен  1180 адам жолықты.  Мұның  357 -  жастар  болса,  485 - жұмыс іздеушілер, 136 - аз қамтылғандар, 698 – жұмыссыздар, 74 - өзін – өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар.
Жоғарыда аталған бағдарламалар шеңберінде  999 адамды  жұмыспен қамтудың  белсенді  шараларына тарту  жоспарланса,  есепті мерзімге 1257 адам жұмыспен қамтудың  белсенді шараларына тартылып 126 %-ды  құрап отыр.

  • Жұмысқа орналастыруға 454 адамды жолдау жоспарланса 10  ай ішінде 750 адам жолданды, соның ішінде 393 тұрақты, жоспар 165 %-ға орындалды.
  • Жастар практикасына 47  жас  маманды жолдау жоспарланса, 51 жас маман жолданып, жоспар 109 %-ға орындалды.
  • Әлеуметтік жұмыс орындарына  85 адамды жолдау жоспарланса 97 адам жолданып бағдарлама  114 % -ға орындалды.
  • 480 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті мерзімге бұл көрсеткіш бойынша  569 жұмыс орны  ашылып, жоспар  119  %-ға орындалды.  
  • Ақылы қоғамдық жұмыстарға 405 адамды жолдау жоспарланса, есепті мерзімге  345  адам  жолданып, жоспар 85 %-ға  орындалып отыр.
  • Кәсіптік оқуға жаңа  Бағдарлама аясында 120 адамды оқыту жоспарланса

есепті мерзімге  125 адам  жолданып ,  жоспар  104 %-ға орындалды.  

  • «Нәтижелі жұмыспен  қамтуды  және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021  жылдарға  арналған  бағдарламасының» (әрі қарай Бағдарлама) I-бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық  және кәсіптік  біліммен  және қысқа мерзімді  кәсіптік  оқумен қамтамасыз ету» бойынша 120  адам  жолдау  жоспарланса, 10 ай қорытындысы бойынша  қаржыландыру  жоспары   18919,0 мың  теңге болса,  оның  игерілуі   100 %-ға орындалды. Қысқа мерзімді  кәсіптік  оқуға  125 адам  «Аспаз», «Газэлектрдәнекерлеу» мамандықтарына аудандық «Тасқала колледжіне», «Тігінші», «1С бухгалтерия», «Шаштараз»,«Іс жүргізуші», «Классикалық массаж», «Дербес компьютер операторы», «Маникюр шебері», «Электрик», «Автоэлектрик», «Жылыту қазандығының операторы», «В»категориялы жүргізуші, мамандықтарына  Орал  қаласындағы оқу орындарына   жолданып жоспар 104 %-ға орындалды. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік оқуға  аудандық «Тасқала колледжіне»  «автомобиль жөндеу слесарі»  мамандығы  бойынша  20  адам  жолданды.  Жалпы бағдарламаның 1 бағыты аясында 145  адам кәсіптік  оқумен  қамтылды.  Оқуларын аяқтаған  52  адамның  26 жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жалғасын тауып отырады.

Бағдарламаның ІІ-бағыты  «Жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту»   шеңберінде  аудан бойынша  өз кәсібін  ашу, дамыту үшін  несие алуға ниет білдіруші  азаматтардың тізімі жасақталып, басымдық білдіріп отырған мал шаруашылығын дамыту оның ішінде сүтті, етті тұқымдастарына, жылқы шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту,  наубайхана ашу, жарнама желісін кеңейту, т.б. бағыттары  бойынша  несиелендіру  мақсатында  26 ниет білдірушіге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на, 7 ниет білдірушіге  «Тасқала» несие серіктестігіне жолдама берілді.
Есепті мерзімге   «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолдама алғандардың ішінде  10 адам (асенизаторлық қызмет көрсету, мал шаруашылығын дамыту) 54,5 млн.теңгеге қол жеткізді. Сонымен қатар, «Тасқала» несие серіктестігіне жолдама берілгендерге мал шаруашылығын дамыту, соның ішінде мал бордақылау, мал  сою  орнына  қосымша  құрал  жабдықтар  алу үшін 7 адам 22,6 млн.теңгеге қол жеткізді. Несие алғандардың  7-уі жаңа жұмыс орындарын ашып,  жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтыды.
Бағдарламаның  IІI-бағыты  «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығыарқылы еңбек нарығын дамыту»
- Әлеуметтік   жұмыс  орындарын  85 адамға ұйымдастыру үшін барлығы 7824,0 мың теңге, с.і.;
- республикалық бюджеттен 25 адамға 4223,0 мың теңге,
- аудандық  бюджеттен 60 адамға 3601,0 мың теңге қаражат бөлінді,
10 ай қорытындысы бойынша  қаржыландыру  жоспары  6988,0 мың  теңгені құраса, толықтай   игеріліп  100 %-ға орындалды,  аудан  аумағандағы 47 жұмыс  берушімен  келісім  шарт жасалып  97  адам (14-жастар,16-азқамтылған,) жолданып орындалуы 114 % ;
- жастар тәжірибесін 47 жас маманға ұйымдастыру үшін  16398,0 мың теңге бөлініп, с.і;
- республикалық бюджеттен 11572,0  мың теңге 34 жас маманға
- аудандық бюджеттен 13 жас маманға 4826,0 мың теңге қаражат бөлінді, 
10 ай қорытындысы бойынша   қаржыландыру  жоспары  13623,0 мың  теңге, толығымен  игеріліп 100 %-ға орындалды,  53 жұмыс  берушілермен келісім шарт  жасалып    51  жас  маман  алғашқы  тәжірибе  жинау  үшін  6 ай  мерзімге  жолданып орындалуы 109 %.
ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру үшін аудандық  бюджет  есебінен 405 адамға 21650,0 мың теңге қаражат бөлінді, 10 ай қорытындысы бойынша  қаржыландыру  жоспары  16536,0 мың  теңге болса,  ол  толығымен  игеріліп   100 %-ға орындалды. Ақылы  қоғамдық  жұмысқа  405  адам  жоспарланса, есепті мерзімге 345  адам жолданып орындалуы 85 %.
Ағымдағы  жылдың  қаңтар  айында  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»  бағдарламасының ІІ бағыты  аясында құс шаруашылығын дамыту үшін  шағын несие алған  Б.Амиров  туралы  жергілікті «Екпін» газетіне  мақала  жарияланса, ақпан  айында  Б.Амиров өзінің кәсібінің даму қарқыны туралы  облыстық «Қазақстан - Орал», «ТДК42», наурыз  айында  «Хабар» телеарналарына  сұхбат берілді.
Сонымен қатар, Бағдарламаны толықтай түсіндіру мақсатында жергілікті «Екпін» газетінде  6  мақала жарияланды:
2017 жылдың 31 наурызында №13 санында «Жұмыспен қамтуда жаңа бағдарлама»;
21 сәуірдегі  № 16 санында жұмыс берушілердің міндеттерін  түсіндіру мақсатында «Жұмыс берушілердің назарына»;
16 маусымдағы  №24 санында «Елбасы жолдауы іске асырылуда»;
21 шілдесіндегі  №29 санында «Халықты жұмыспен қамту – басты бағыт»;
28 шілдесіндегі № 30 санында «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;
08  қыркүйектегі № 36 санында Молодежная практика – одна из мер господдержки в рамках программы «Программа  развития продуктивной занятости и массового  преднимательства на 2017-2021 годы»;
20  қазандағы № 42  санында «Стандартқа сай қызмет көрсетіледі»;
27  қазандағы № 43  санында «Жаңа форматтағы әлеуметтік көмек»;