Қазіргі таңда ауданымызға қардың көп түсуіне байланысты тиісті жұмыстардың барлығы атқарылуда. Күн жылынып келеді. Қардың тез еруі байқалады. Қар қатты еріген кезде шалғай орналасқан елді-мекендерге, қыстақтарға бірнеше күн жол болмай қалуы мүмкін.

Сондықтан қолайсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қазіргі уақыттан бастап, адамдарың тамақтарын, дәрі-дәрмектерін, мал азығын жол бар кезде ертерек қамданып, дайындап алыңыздар.
Сонымен қатар, жол болмай қалу қаупі бар алыс елді-мекендерде, (қыстақтарда) егде жастағы, денсаулығы нашар адамдар, жүкті әйелдер, кішкентай сәбилер болса ауылдық округ әкімдерімен хабарласа отырып,  үлкен елді-мекендерге жеткізіп алыңыздар.

Тасқала ауданы әкімі аппаратының
баспасөз қызметі