Тасқала аудандық Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын 6 жасөспірім спортшымыз Беларусь елінде дзюдо күресінен 9-10 наурыз күндері өткен "Кубок Прайда" Халықаралық турниріне қатысқан болатын. Сол турнирде 23 келі салмақта күрескен Бисен Аян ел намысын қорғап, Чемпион атанды.

Айта кету керек, турнирге Қазақстан, Беларусь, Ресей, Ингушетия, Украина, Израиль, Иран елдерінен барлығы 578 жасөспірім спортшы қатысты. Жаттықтырушы:.Е.Мусағалиев