Бүгін ауданымызға облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы келіп, ауданымызда төтенше жағдайларды болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылауда.

Биылғы жылы ауданымызда қардың нормадан көп түсуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда барлық су жүретін каналдан қардан тазаланып, ауыл ішіндегі қарлар шығарылуда. Сонымен қатар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен мұз кесу жұмыстары және мұз кептілісінің қаупі бар Деркөл өзенінің бұрылыстарындағы ағаштарды кесу жұмыстары да жалғасуда. Осы жұмыстарды атқаруда аудандағы барлық мекеме ұжымдары өз үлестерін қосуда. Қар шығару, қарды күреу жұмыстарына аудандағы арнайы техникалардың барлығы жұмылдырылған. Сонымен бірге ауданымыздың шаруа қожалықтары және жол жөндеу компаниялары арнайы техникалармен көмектесуде.