Бүгін аудан орталығында Батыс өңірі үшін ерекше мейрам Көрісу айт мерекесі тойланды. Бұл қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістердің бірі. Шарада аудан әкімі С.Әлиев барша ауыл тұрғындарын мерекемен құтықтап, амандық, саулық тіледі. Әрі қарай мерекелік ән-шашу тарту етіліп, ұлттық ойындар ойнатылды.