Бүгін аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шарада аудан әкімі С.Әлиев ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысына айналған ақ жаулықты әжелерімізді, аяулы да ардақты ана-апаларымызды, аруларымызды мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, ауданымыздың қоғамдық жұмысына белсене араласып жүрген бірқатар азаматшаларға алғыс хат табыс етті. Шара мерекелік концертпен жалғасты.