Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күніне орай, Атамекен ауылында Рухани жаңғыру бағдарламасы жүзеге асырудың 2018 жылға арналған іс-шара жоспары бойынша "Шын жүректен алғыс айтам " атты тікелей эфирде Атамекен-Амангелді телекөпірі ойдағыдай өтті. Сол тікелей эфирде екі ауыл бір біріне ризашылығын білдіріп,баталарын берді. Мәдениет үйі мен мектеп оқушылары бірлесіп шағын мерекелік концертін қойып,тамаша көңіл күй сыйлады.Халықтың ықыласы ерекше болып,жақсы қабылдады. Мереке соңында шақырылған қонақтарға шағын сыйлықтармен алғыс хат табысталды.

Барша Қазақстандықтарға көңілді жадыратып, жақсылыққа жетелейтін сиқырлы сөз - Еліме алғыс.