2018 жылдың 28 ақпан күні Қ.Сәтбаев мектебінің базасында білім бөлімінің басшысы   А. Нарымбаевтың  қолдауымен Тасқала аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында қоғамдағы ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу, қыз бала тәрбиесі, жастарды ата-ананы сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге және бір-бірімен сыпайы қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу мақсатында «Мейірімділік мұзарты» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Люция Әсетқызы Жұбанышқалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Серікбайқызы Дүйсенова, «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамбілінің жетекшісі, ардагер ұстаз Майра Әбуқызы Нұрмақова, аудандық мәдени-демалыс орталығының басшысы Жанар Нұрболатқызы Бисенғалиева, Оян ауылдық округінің әкімі Гүлжан Болатқызы Мұхамбетжанова, аудандық білім бөлімінің басшысы  Асан Маратұлы Нарымбаев және аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен  жас мамандары  қатысты. Кездесу барысында қонақтар қоғамдағы әйелдің алатын ролі, қызметте басшы, үйдегі ана рөлі, қазіргі қазақ қызы қандай болуы керек деген сұрақтар төңірегінде өз ойларымен бөлісе отырып, көрермендердің сауалдарына жауап берді.