Бүгін аудандық мәдени демалыс орталығында көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз "Алғыс айту" күніне арналған салтанатты жиын, мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі С.Әлиев барша аудан тұрғындарын ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптейтін, қазақстандық татулық пен келісімді паш ететін Алғыс айту мерекесімен, еліміздегі барлық этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының күнімен және "Нұр Отан" партиясының құрылған күнімен құттықтап, ақжарма тілегін жолдады.

Келесі кезекте "Нұр Отан" партиясы қатарына қабылданған азаматтарға партия билеттері табыс етілді. Жиында барысында аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, өлкетанушы Хисаметдинов Ғалым Ғайниұлы құттықтау сөз сөйлеп, аудан тарихынан сыр шертті.
Мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.