Бүгін ауданымызда Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының және Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілінің латын графикасына көшуі бойынша облыстық лингвист ғалымдардың қатысуымен семинар өтті. Аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның төрағалығымен өткен жиынға Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің басшысы Әлжанова Гүлнәр Жәрдемқызы, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының  докторы Хасанов Ғабит Қайыржанұлы, ауыл ақсақалдары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, барлық білім беру мекемелерінің басшылары, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері, оқушылар және жастар қатысты.

Семинар барысында шараның басты мақсаты - ата-бабамыздың арманы болып, Алашорданың мақсатына айналған батыл қадамның жүзеге асуы арқылы өскелең ұрпақ бойында ұлтжандылықты, патриотизмді қалыптастырып, тілге деген жанашырлығын арттыру. Таяу жылдары жүзеге асатын латын графикасына қолдау көрсетіп, орындалуы мен жүзеге асуын терең ұғынып, тілдік нормаларды толық сақтау және халыққа латын графикасы бойынша туындайтын қиындықтарды жеңіл қабылдап, шешілу жолын үйрету мәселелері сөз болды.