2018 жылы 22-24 ақпан күндері Орал қаласында оқушылар спорт сарайында қазақ күресінен  2006-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында ашық қала турнирі өткізілді. Жарысқа Ақтөбе қаласы, Атырау қаласы, Ақтау қаласы, Ақжайық ауданы, Қаратөбе ауданы, Сырым ауданы, Жанақала ауданы, Зеленов ауданы, Орал қаласы және Тасқала ауданының командалары, жалпы  200 спортшы қатысты.  Бұл жарысқа ауданымыздан қатысқан Тасқала аудандық БЖСМ тәрбиеленушілері келесі нәтижеге қол жеткізді.

  1. Бекмурзин Армат          ІІ орын   26 кг
  2. Ерболатов Санжар        ІІ орын   29 кг
  3. Улданов Ахмади           І орын     29 кг
  4. Сапаргали Арман          ІІІ орын   32 кг
  5. Бекмурзин Арман         ІІІ орын    32 кг

Жеңіске жеткен спортшылар Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің  тиісті дәрежедегі дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.