2018 жылдың 23-24 ақпан күндері Тасқала аудандық БЖСМ 50 жылдық мерейтойы қарсаңында баскетболдан 9-11 сыныптағы жасөспірім қыздар және жасөспірім ұлдар арасында Тасқала аудандық БЖСМ біріншілігі өткізілді. Жасөспірім қыздар арасындағы жарысқа Ақтау ЖОББМ, Амангелді ЖОББМ, Совхоз ЖОББМ, Сәулет МЛ, БЖСМ-1, БЖСМ-2, БЖСМ-3 командалары, барлығы 66 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы 1 орын БЖСМ-1, 2 орын Сәулет МЛ, 3 орын БЖСМ -3 иеленді. Номинациялар бойынша «Үздік ойыншы» Нығметова Галлинур, «Үздік шабуылшы» Кужбанова Баянсулу, «Үздік қорғаушы» Дускалиева Зарема иеленді.               

Жасөспірім ұлдар арасындағы жарысқа Ақтау ЖОББМ, Шипов ЖОББМ, Совхоз ЖОББМ, С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ, БЖСМ-1, БЖСМ-2 командалары, барлығы 52 спортшы қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша 1 орын БЖСМ-1, 2 орын Совхоз ЖОББМ, 3 орын Шипов ЖОББМ командалары иеленді. Номинациялар бойынша «Үздік ойыншы» Батыров Арсен, «Үздік шабуылшы» Сагиден Бекзат, «Үздік қорғаушы» Даулетов Ғалиматқа бұйырды. Барлық жеңіске жеткен спортшылар Тасқала аудандық БЖСМ бекіткен  тиісті дәрежедегі медальдармен және дипломдармен марапатталды.