23 ақпан күні жалпы орта білім беретін Мереке  МБ кешенінде 1-наурыз «Алғыс күніне» орай салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» атты мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасы «Жомарт жүрек» жобасы аясында  Тасқала ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Пустабаев Владимир Леонтьевич демеушілік көрсетіп, «Еркетай» балабақшасына теледидар, Мереке ЖОББ мектебіне музыкалық буфер сыйға тартты.
Өз кезегінде Мереке ауылдық округінің әкімі  Р.Бермуханов және мектеп директоры  Д.Дуйсенгалиев жеке кәсіпкер В.Леонтьевичке туған жеріне, еліне деген жауапкершілігі үшін, мектепке деген жанашырлығы үшін ризашылықтарын блідіріп, алғыс хат табыс етті.