Тасқала аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сай 2018 жылдың 13 ақпан күні педагогтердің кәсіби құзіреттілігі мен кәсіби деңгейін көтеру мақсатында «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Оқу-тәрбие үдерісінде «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық идеясын жүзеге асырудың жолдары» тақырыбында С. Жақсығұлов атындағы орта мектебінің базасында семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинарға аудан мектептерінен 42 мұғалім және 8 әдіскер қатысты. Семинар барысында тәрбие бөлімінің әдіскері Б. Габдуллина «Білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» идеясының оқу-тәрбие процесінде насихатталуы» тақырыбында баяндама оқыды. келесі кезекте «Мәңгілік ел» идеяларын сабақ үрдісіне кіріктірілуі шеберлік-сыныптар (15 шеберлік-сынып) арқылы көрсетілді. Семинарға жас мамандар да қатыстырылды. АӘК меңгерушісі Л.Габбасова семинарды қорытындылады және қазақ тілі мен әдебиеті әдіскері Б. Батырова кері байланыс жүргізіп, онда қатысушылар семинар туралы өз ойлары мен ұсыныстарын берді.