Қазақстан Республикасында жазаларды орындаудың ізгілендірілуіне байланысты «еуропалық» тәжірибеге сүйене отырып біздің мемлекет онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды жасаған сотталғандарға қолданылатын жазаның жеңіл түрін қолдануға бағытталған саясатты жүргізеді. Сондай-ақ, бір мезетте сотталғандардың құқықтары көбейіп, олардың тұлғалық әлеуметтік және құқықтық қорғалуы тиімдірек бола бастады.

Сонымен, «Пробация үйі» жобасы бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында БҚО Тасқала аудандық пробация қызметі аудандық прокуратурамен бірлесіп 21.07.2017 жылы Тасқала аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы филиалының ғимаратында «пробация кабинетін» ашқан болатын, қазіргі уақытта пробация кабинеті тұрақты түрде жұмыс жасап тұр. Бұл пробация кабинетін ашудың мақсаты  және негізгі бағыт бұл аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, білім алуда және кәсіптік білімді игеруде және жұмысқа орналасуда, медициналық көмек алуда және құқықтық көмек алуда осы тұлғаларға көмек көрсету болып табылады.
Сонымен қатар, «пробация кабинетін» ашу барысында БҚО Тасқала аудандық пробация қызметі және Тасқала аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы филиалының арасында пробациялық бақылауға алынған сотталған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек алуда жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 08.12.2016 жылғы №387 Жарлығымен бекітілген «2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметтерінің есептерінде тұратын азаматтарды әлеуметтік оңалту Кешенді стратегиясын жүзеге асыру» мақсатында меморандум жасалғанын атап өткен жөн кездесу.

БҚО Тасқала аудандық Пробация қызметі