12.01.2018 жылы Тасқала аудандық пробация қызметі бастамасымен Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Л.А.Жубанышкалиеваның және аудандық әділет органы, жергілікті полиция қызметі, криминалдық полиция, прокуратура, жұмыспен қамту, білім беру бөлімі, денсаулық сақтау органы өкілдерінің қатысуымен және аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандардың қатысуымен жұмыстық кездесу өткізіліп, бұл кездесуде сотталғандарды жұмысқа орналасытру және олардың тарапынан жасалған қайта қылмыстар, бақылаудан жалтарған сотталғандарды іздестіру сұрақтары қарастырылды. Жұмыстық кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты шешімдер қабылданды, атап айтқанда БҚО Әкімімен, БҚО прокурорымен және БҚО бойынша ҚАЖД басшылығымен бекітілген пробация қызметінің және ІІБ-нің есептерінде тұратын сотталғандарды жұмыспен қамту жөніндегі арнайы дайындалған алгоритм негізінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру сұрағы хаттама атап көрсетілді.

Тасқала аудандық ПҚ есебінде тұратын пробациялық бақылау орнатылған сотталған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.10.2014 жылғы №1131 қаулысымен бекітілген «пробация қызметтерінің есептерінде тұратын сотталған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету Ережесіне» сәйкес әлеуметтік—құқықтық көмек көрсетілді.  
Сөз соңында барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен жеке құрылымдардың өкілдерінің назарын Тасқала аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек алу қажеттілігіне (бірінші кезекте жұмысқа орналастыруда), сондай-ақ, қоғамдық ортада бейімдеуде олардың қайта қылмыстардың жасалуын алдын алып, оларға жол бермеуде және сотталғандардың жүріс-тұрысына жағымды әсер ететін әрекеттерге назар бөлген дұрыс.

 

 

БҚО Тасқала аудандық Пробация қызметі