2018 жылдың 15 ақпан күні аудандық мәдениет үйі, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен «Ауған асуында от кешкендер» атты  мерекелік кездесу  кеші өткізілді.

Жастар ауған ардагерлерімен кездесу арқылы ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет алды. Жастарды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен шара өз деңгейіне жетті.
Шара барысында ауған соғысының тарихынан қысқаша  мәлімет таныстырып, соғыста мерт болған жауынгерлер рухына тағзым жасалды.
Кездесу кеште «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төраға орынбасары Д.Газез сөз сөйлеп, ауған ардагерлеріне құттықтау тілегін арнап, отбастарына амандық тіледі.
Ауған ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара аудандық мәдени-демалыс орталығының  көркемөнерпаздарының ән-шашуымен жалғасып, кездесуге қатысушылардың рухын көтерді.