Бүгін «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Есет Берікұлы Байкен жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдап, қойылған сұрақтарына, ұсыныс-пікірлеріне жауап берді.

Сонымен қатар, қабылдаудан кейін бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.