Бүгін аудан әкімі Санжар Жұматайұлы Әлиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Жиынға облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, облыстық мекеме, басқарма басшылары және аудан тұрғындары, ауыл ақсақалдары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Белгіленген күн тәртібіне сәйкес ең алдымен аудан әкімінің аудан бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы есебі тыңдалды. Жарыссөзге қатысқан ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Өз кезегінде облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов облыс деңгейінде жалпы өңірлерді дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды салыстырмалы түрде айтып беріп, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп өтті.

Аудан әкімінің есеп беру кездесуінде түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлер назарға алынып, іс-шаралар жоспары жасақталады және орындалу барысы туралы тиісті ақпараттар берілетін болады.

Кездесу соңында ауылымыздың тұрғыны, Тасқала аудандық №13-ші өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі А.Нажмиддинов ауыл тұрғыны түсіріп алған 1 млн. теңгені кездейсоқ тауып алып иесіне табыстағаны үшін облыс әкімі атынан алғыс хатпен марапатталды.