Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні «Жүз жол – біреуі сенікі» атты аудандық кәсіби бағдар беру мақсатында фестиваль оздырылды. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының 4-бөлімінде: Білімнің салтанат құруы "Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас¬тары¬мыз басымдық беретін межелердің қатар¬ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді"деген.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Өткізілген шарамызға облысымыздың жоғары оқу орындарының мамандары қатысты.

Олар:

- М.Өтемісов атындағы БҚМУ орыс филология кафедрасының аға оқытушысы Турегалиева Светлана Габбасовна

- Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі Абекешев Нуржан Турсынбаевич

- БҚИТУ «Тілдер және менеджмент» факультетінің кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Ислямов Руслан Сейлханович

- ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің академиясы, Тасқала шекара комендатурасының майоры Закиров Абай Габдуллаевич

- Көкшетау техникалық институт, Тасқала ауданы төтенше жағдай бөлім бастығы, азаматтық қорғау майоры Шауенов Мади Такирович

- Аудандық ЖОББ мектептерінің 9,11 – сынып оқушылары (жалпы саны – 171 оқушы)

- Тасқала аудандық білім бөлімінің мамандары

- аудандық мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары