1 ақпан күні аудандық мәдени-демалыс орталығының жанындағы мұз айдынында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Жас NEW» еріктілер клубының ұйымдастыруымен XXIII қысқы олимпиада ойындарын қолдау мақсатында мұз айдынындағы би кеші өтті. Шара барысында қатысушылар 2 топқа бөлініп түрлі ойындар ойнатылды. Кеш соңында барлығына ыстық шай мен тәттілер таратылды.