2018 жылы 26-28 қаңтар күндері аралығында Тасқала ауылында С.Жақсығұлов ат ЖОББМ және «Сәулет» МЛ спорт залдарында волейболдан балалар топтары, 2002-2003 ж.т., және 2004 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер командалары арасында Батыс Қазақстан облысы чемпионаты өткізілді.

Жарысқа Бөрлі, Бөкейорда, Тасқала, Казталов, Қаратөбе аудандар және ВК Жайық Орал-1, Орал-2, Орал қаласы БЖСМ №4 командалары, жалпы 160 спортшы қатысты. Чемпионат нәтежесінде 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында 1 орын Орал қаласы, 2 орын Тасқала ауданы, 3 орын Бөрлі ауданы. 2004 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында 1 орын Орал 1, 2 орын ВК Жайық, 3 орын Тасқала ауданы. Жарыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының тиісті дәрежедегі медальдарымен, кубоктарымен және дипломдарымен марапатталды.