2018 жылдың 26 қаңтар күні ауданымызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағытына арналған біріңғай сағат өткізілді.

Аталмыш шараға ауыл тұрғындары, жастар, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің ұжымдары қатысып, барлығы 223 адам қамтылды. Шара барысында «Төртінші өнекәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарының сақталуы және бюджеттік қаржының игерілуі, азаматтардың өтініштеріне белгілі шараларды қолдану және оның орындалу мерзімін бұзбау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.