2018 жылдың 23 қаңтар күні  аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру бойынша актив жиналысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым, саяси партия филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, БАҚ өкілдері және аудан жастары қатысты.

Жиын барысында Елбасының биылғы Жолдауындағы көрсетілген 10 негізі міндеттердің ерекшелігі талқыланып, алдағы уақытта осы міндеттерді жүзеге асырудағы жоспарлар пысықталды.