2018 жылдың 20 қаңтар күні Тасқала ауданында биатлон, конькимен жүгіру, шайбалы және допты хоккей, тау шаңғы спорты, мәнерлеп сырғанау спорт түрлерін қамтыған аудандық ІІ қысқы Спартакиадасы басталды. Алғашқы күні биатлон және конькимен жүгіру спорт түрінен бастау алған жарыста ауданның алты құрама командалары қатысып өзара бақ сынады. (Ы.Алтынсарин ЖОББМ, С.Жақсығұлов ат ЖОББМ, Бірлік ауылы, Достық ауылдық округі, БЖСМ, ІІ-Шежін ауылдық округі құрама командалар).