«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық»-, дейді халық даналығы. Өнер түрлері өте мол.Соның ішінде домбырамен ән айту, күй тарту халықпен бірге жасап келеді,жасай да береді.

Бүгін мектебімізде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие мен білім» ішкі бағдарламасы аясында ұлттық өнерді насихаттау және рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру факторы ретінде балалардың орындаушылық шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында «Өз балаңа домбыра сыйла!» акциясы өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Нарымбаев қатысты. Люция Әсетқызы 2 сынып оқушысы, көп балалы отбасынан шыққан Сарсенов Асхатқа домбыра тарту етті.

Ұмытпай əдет-ғұрып, төл мұраны,

Жалғастыра бергейсің мол мұраны.

Қазақтың мұңын жырлап, күйін шертіп

Қолымнан келгенінше құрмет қылып,

 Балама тарту еттім домбыраны – деп, бүгінгі акцияға қатысқан ата-аналар өз балаларына домбыра сыйлады. Шара соңында аудандық саз мектебінің оқушылары халық күйі «Жастар биін» орындады.