Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Мәңгілік Ел", "Рухани жаңғыру", "Туған жер" патриоттық актісі - бұл қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы, Қазақ елі үшін тарихи дамудың жаңа кезеңіндегі асқан өзектілігімен әрі маңыздылығымен ерекшеленеді.

Біздің еліміздің алға жылжуы үшін қоғам санасының жаңғыруы аса қажетті қадам болып табылады. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында аудан көлемінде мектепаралық мерекелік кеш оздырылды. Аталмыш шараға аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.Батыргалиева және білім бөлімінің әдіскері Б.Габдуллина қатысты. Жас ұрпақтың ұлтжандылық қасиеттері, қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда. Аталмыш шараға аудан мектептері – Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебі, Қ.И.Сәтбаев атындағы ЖОББ мектебі, Шипов мектебі және Родник НМ белсене атсалысты. Кеш шымылдығы «Абылай хан» сахналық қойылымымен ашылды. «Туған елім» хоры, «Мен қазақпын» әні,  Родник негізгі мектебі оқушыларының әдеби монтажы, «Адай» күйі, «Айжұлдыз» би тобының «Достық» биі мерекелік кешіміздің ажарын айшықтай түсті.  Арыстан Нұртас пен Калмурзин Алматтың орындауындағы «Қазақстан бақыты» әні кешіміздің әдемі қорытындысы болды.