Бүгін Тасқала ауданында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Есекенова Айгүл Оразқызының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары және қызметкерлері, Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

 

Семинар-кеңесте сөз алған Айгүл Оразқызы жаңа этикалық ережелерді енгізудегі негізгі бағыт-бағдарларға тоқталып, мемлекеттік қызметшінің бет-бейнесі мен этикасына ерекше көңіл бөлінуінің астарында оның іскерлігі мен айналасындағы адамдарға құрметі мен ізеті сараланатыны айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы жауапкершілігі, халықпен етене байланыс жасауы, мемлекеттік қызметкерлердің өз ісіне шеберлігі мен біліктілігі және кәсіби маманданғандығы үнемі назарда екендігі сөз болды.