16-19 қаңтар аралығында ауылдық округтерге қарасты елді-мекендерде (Черная падина, Беленький, Қызылбас, Ынтымақ, Бастау, Қалмақшабын, Алмалы, Қисықсай, 1-Шежін, Талдыбұлақ, Ермольчево, Аққайнар, Өркен, Тоғайлы, Айнабұлақ, Кеңжайлау, Бірлік, Жігер) ауылдық округ әкімдерінің есебі тыңдалып, алдағы мақсаттар пысықталды. 
Ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтары, ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы жұмыс жоспарына енгізілді. 
Ағымдағы жылдың 22-26 қаңтар күндері ауданымыздың 9 ауылдық округінде аудан әкімінің қатысуымен ауылдық округ әкімдері ауыл тұрғындарының алдында есеп беретін болады.
Сонымен қатар, 2018 жылғы 7 ақпан күні сағат 10:00-де аудандық мәдени-демалыс орталығында аудан әкімі С.Әлиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді.