Спорттық бағдарлауды насихаттау, жастардың спорттық дайындығын дамыту, облыстық жарыстарға үздік спортшыларды анықтау мақсатында 2018 жылдың 12 қаңтарында Тасқала ауылының «Шұғыла» лагері аумағында Жас туристер станциясының ұйымдастыруымен аудандық шаңғымен бағдарлау жарысы ұйымдастырылды.

Аталған жарысқа 12, 14, 16, 18, 21 жастағы және 35 жастан жоғарылар арасында жарысқа ауданның 13 мектебінің командалары қатысып өз бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІІ орын Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне бұйырса, ІІ орынды «Сәулет» мектеп лицейі иеленген болатын. Жарыстың жеңімпазы болып Семиглавый Мар орта мектебі танылды.