2017 жылдың 13 қаңтар күні Жастар стадионында спорттың үш түрі -  күштік гимнастика,  пневматикалық  винтовкадан ату және шаңғымен жүгіру  бойынша Тасқала ауданының  12 мен  60 жастан жоғарғы  ерлер мен әйелдер арасындағы  Президенттік көпсайыс  чемпионаты оздырылды.

Жарысқа   Достық а/о, Ақтау а/о, С.Жақсығұлов ат ЖОББМ, Ы.Алтынсарин ат ЖОББМ, Сәулет МЛ және БЖСМ командалары  қатысты. Барлық қатысқандардың саны 93 адам. Жарыс  нәтижесінде  1,2,3 орындарға ие болған  спортшылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен, командалар кубок және дипломдармен  марапатталды. Командалық есепте 1-ші орынға  Достық ауылдық округі, 2-ші орынға  Сәулет Мектеп-Лицейі, 3-ші орынға  Ақтау ауылдық округі  командасы ие болды. 1-ші орынды иеленген  спортшылар Орал қаласындағы БҚО президенттік көпсайыс бойынша қысқы маусымында  Тасқала ауданының  намысын қорғайтын болады.