16 қаңтар күні аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ә.Қашаубаевтың 130 жылдығына орай «Қазақ әнін әуелеткен - Әміре» атты өнер сағаты өткізілді.

Мақсаты: қазақ халқының әндерін насихаттау; Ұлы Даланың өнерлі тұлғасы Ә.Қашаубаевтың есімін ардақтау; әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан-жақты таныту. Шара барысында кітапханашылар Ә.Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтты.  «Балқадиша» әнінің бейнебаяны тыңдатылып, «Парижды таңқалдырған - Ә.Қашаубаев» атты бейнеролигі көрсетілді. «Ән атасы - Әміре» атты виртуалды кітап көрмесіне шолуымен өнер сағатымыз қорытындыланды.