ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылдың 7 қарашасындағы №446 бұйрығына сәйкес «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы»   ҚР Ауыл шаруашылығы министрлінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығына өзгеріс енгізіліп, Тасқала ауданының Мереке, Айнабулақ, Ақкайнар, Ақтау, Атамекен, Достық, Өркен, Оян және Тасқала ауылдарының ауыз су пайдаланушыларға 2018 жылдың қаңтар айынан бастап:
- ауыл тұрғындары үшін:
А) ауыз су есептегіш құралы тұрғын үйдің ішінде орналасқандарға - 1 текше метр ауыз суға 30 теңге 00 тиын;
Б) ауыз су есептегіш құралы орталық су желісіндегі сақиналарда (шахталарда) орналасқандарға - 1 текше метр ауыз суға 40 теңге 00 тиын;
В) ауыз су есептегіш құралы орнатылмаған тұтынушыларға 1 адамға - 360 теңге 78 тиынды құрайды.