Бүгін облыс әкімінің орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы жұмыс сапарымен ауданымызға келді. Аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, атқарылған жұмыстардың барысымен танысты. "Сәулет" мектеп-лицейі базасында ұстаздар қауымымен кездесіп, Елбасы жолдауындағы негізгі бағыттарға тоқталып өтті.