Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұқаев Ерболат Рахметұлы, Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәкен Бақтияр Мәкенұлының қатысуымен актив жиналысы өтті.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Баяндықовтың төрағалығымен өткен жиынға ауыл ақсақалдары, аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымының өкілдері, мекеме, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. 
Ең алдымен сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты Б.Мәкен және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Төреғалиев елімізде болып жатқан жаңа өзгерістер, реформалар, заңға енгізілген өзгерістерге, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысына тоқталып өтті.
Жиын барысында ауыл тұрғындарының атынан бірқатар ауыл ақсақалдары ауыл тұрғындарын толғандыратын сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. 
Қойылған сұрақ, ұсыныс-пікірлерге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Е.Мұқаев толыққанды жауап беріп,
алдағы уақытта көтерілген мәселелер бойынша жұмыстанатындарын айтты.
Түстен кейін депутаттар «Ақ бұлақ бағдарламасы» бойынша Мерей ауылдық округіне қарасты Мерей, Тоғайлы ауылдарында орталықтандырылған ауыз су құбырларына жүргізілген қайта құру жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар, Мерей ауылындағы демеушілердің көмегімен салынған ауылдық мешітте болды және сол ауылдағы балабақша жұмысымен танысты.