Батыс Қазақстан облысының Әкімі А.С.Көлгіновтің бекітуімен «Салықтарды жинауды арттырудың жол картасы» бағдарламасы жасалды.

Бұл бағдарламаның мақсаты бюджетке түсетін салықтардың толықтығын қамтамасыз ету және көлеңкелі экономикамен күрес жүргізу.
Жол картасының негізгі іс шаралары салық органдарында тіркелмей жүрген салық төлеушілер мен кәсіпкерлік нысандарын анықтаумен табысын жасырып, жалдамалы жұмысшыларын көрсетпей жүргендерді анықтауға бағытталған.
Барлық шараларды аудандағы мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік және уәкілетті органдармен бірлесе отырып жүргізіледі.
Бұл жол картасын іске асыру мақсатында аудан көлемінде жұмыстарды атқару үшін тиісті мемлекеттік және уәкілетті органдардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды.
Мемлекеттік және уәкілетті органдардан алынған мәліметтер негізінде салық салу нысандарына талдаулар жүргізіледі, салық заңдылықтарын бұзу фактілері анықталса, мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушіге хабарламалар жолданып, әкімшілік шаралар қолданылады.
Сонымен қатар салық органдарында тіркелмей заңсыз кәсіпкерлікпен айналысатындар мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерін заңсыз саудасымен айналысатындарға қатысты салық тексерістері тұрақты түрде жүргізіліп отыратын болады.
Осыған орай облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерді салық заңдылықтарын орындауда жауапкершілік танытуды және мемлекеттік кірістер органдарында тіркеліп, салық міндеттемелерін уақытында орындауға шақырамыз.

Тасқала ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы