2017 жылдың 28 желтоқсан күні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жыл мерекесіне шара өткізілді. Осы шараға С.Жаксығұлов мектебінің оқушысы және «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушілері концерттік бағдарламамен балаларға мейрам сыйлады. Мерекелік шараға демеушілік көрсеткен «Аудандық мүгедектер қоғамы» және «Намыс»жастар қоғамдық бірлестігінің басшылары А.Губайдуллин, Г.Мулдашева қатысты. Қоғамдық бірлестіктердің төрағалары балаларға сыйлықтар табыс етті.