2017 жылдың 22 желтоқсан күні аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік жастар саясатын кеңінен насихаттау бағытында «Жыл үздігі - 2017» байқауы өткізілді.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қатысып, барша қатысушыларды мерекемен құттықтады. Биыл «Жыл үздігі – 2017» жастар премиясы 10 аталым бойынша өткізілді. Ауданымыздың белсенді жастары, ұйым жетекшілері, көшбасшылар, әр саладағы жас мамандар ел өміріне қосқан үлестері мен жетістіктері үшін марапатталды. Салтанатты шараға мектеп оқушылары, жастар жанашырлары, аға буын өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.